Жедел өту

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»

Сайттан іздеу

Өндіру

Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады.

Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық пен шығыстарды қысқартудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол жеткізілетін болады.

Мұнай өндірудің артуы

ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.

1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.

Қазгермұнай

Қазгермұнай компаниясы Қазақстан Республикасына Германиядан инвестициялар тарту мақсатында 1993 жылы құрылды. Қазгермұнайдың Құрылтай шартына сәйкес, ол Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында 2024-жылдың 1-наурызында бітетін 30 жыл мерзімге барлау мен өндіруді жүзеге асыруға арналған эксклюзивті құқықтар мен лицензиялар алды.

Қазгермұнай компаниясы өзінің қызметін Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында жүзеге асырады. Қазгермұнайдың мұнай кен орындары 897 шаршы километр алаңды алып жатыр. 2010 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша олардың дәлелденген және болжамды қорлары 24 миллион тонна (180 миллион баррель) мұнай құрады.

2010 жылы Қазгермұнайдың өндіру көлемі 3,1 миллион тонна (тәулігіне 65,4 мың барр.) шикі мұнай (3,2 миллион тонна (тәулігіне 67,5 мың барр.) өндірілген 2009 жылға қарағанда 3%-ға артық ) құрады.

CCEL (Қаражанбасмұнай)

CITIC Канада Петролеум Лимитед (бұрынғы Nations Energy Company Ltd) бүкіл дүниежүзі бойынша мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі халықаралық жобаларды сатып алуға арналған жеке канадалық компания ретінде 1996 жылы құрылған. 1997 жылы Nations Energy Company Ltd Қазақстан Үкіметінен «Қаражанбасмұнай» АҚ-дағы 100% бақылауды білдіретін 94.62% акционерлік капиталды сатып алды.

«Қаражанбасмұнай» АҚ-ға 2020-ға дейін компания деректеріне сәйкес дәлелденген және болжамды қорлары 2010 жылдың 30 қарашасында 67 млн. тоннаны (449 млн. барр.) құраған Қазақстанның батыс бөлігіндегі Қаражанбасмұнай кен орындарын игеруге арналған 100% құқық тиесілі. 2010 жылы «Қаражанбасмұнай» АҚ 1,9 млн. тоннаға (тәулігіне 36 мың баррельге) жуық мұнай өндірді.

ПетроҚазақстан Инк. (ПҚИ)

Көмірсутегін барлау және өндірумен, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерін сатумен айналысатын компаниялары тобы . «ПетроҚазақстан Инк.» 16 кенорнында үлесі бар, оның 11-і игерудің әртүрлі сатыларында тұр.

2009 жылдың 31 наурызындағы жағдай бойынша ПҚИ дәлелденген және болжамды қорлары 47 млн. тонна (365 млн. баррель) мұнайды құрайды. 2010 жылы ПҚИ өндіру көлемі 6,1 млн. (тәулігіне 128 мың баррель) шикі мұнайды құрады.