Біздің қызметіміз

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық мұнайгаз компаниясы - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның (ҚМГ ҰК) еншілес компаниясы болып табылады.
Компания «Өзенмұнайгаз» ААҚ (ӨМГ) мен «Ембімұнайгаз» ААҚ-ны (ЕМГ) қосу жолымен 2004 жылдың наурызында құрылды. 2006 жылдың соңында капиталды Лондон мен Қазақстанның Қор биржаларына табысты орналастырғаннан кейін сатып алу саясатын кеңінен ойластырып өмірге енгізудің, негізгі активтерге инвестициялар салу бағдарламасының және шығыстарды оңтайландыру жөніндегі тиімді шаралардың нәтижесінде ҚМГ БӨ ішкі рыноктарда да, халықаралық рыноктарда да өзінің ұстанымдарын айтарлықтай нығайтты. Тәуелсіз сарапшылардың бағалауы бойынша Компанияның негізгі активтерінде (ӨМГ және ЕМГ) 2010 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша шамамен алғанда 232 миллион тонна (1 707 миллион баррель) мөлшеріндегі дәлелденген және болжамды мұнай қорларын қамтиды.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстанда құрылықтағы өзінің көмірсутегі шикізаты қорларынан мұнай, табиғи және ілеспе газ өндіруші болып табылады. Компания сондай-ақ қорлар базасын сақтау және дамыту үшін барлау жұмыстары бағдарламасын белсенді іске асырады.
ҚМГ БӨ активінде 2007-2010 жылдары жасалған сатып алуларды қоспағанда, Батыс Қазақстанда 41 кен орны бар. Компанияның негізгі өндірістік активтері 2010 жылы өндірудің жалпы деңгейі тәулігіне 177 мың баррель мұнай болған екі өндірістік филиалы: Өзенмұнайгаз (ӨМГ) мен Ембімұнайгаз (ЕМГ) болып табылады. Өзен кен орны – ҚМГ БӨ-нің негізгі активтері қоржынындағы ең ірісі, оның үлесіне барлық қорлардың 73%-ы мен өндірілген өнімнің барлық көлемінің 68%-ы тиесілі.
ҚМГ БӨ-нің негізгі міндеттерінің бірі көмірсутектері қорларының өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл өсу жаңа активтерді сатып алудың, геологиялық барлау жұмыстарының және негізгі кен орындарында өндіруді оңтайландырудың нәтижесінде мүмкін болмақ.
Компанияның ӨМГ және ЕМГ кен орындарындағы стратегиясы – жұмыс істеп тұрған ұңғымаларды жөндеудің, жаңа ұңғымаларды бұрғылаудың және пайдалануға қосудың, сондай-ақ қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістерін қолданудың есебінен таяу жылдары қол жеткізілген өндірудің ұтымды деңгейін ұстап тұру. Одан басқа мұнай және тоғытпалы ұңғымалар қорын ұстап тұру, Жаңа ұңғымаларды бұрғылау арқылы жаңа ұңғымаларды іске қосу, ұңғымаларды күрделі жөндеу, ұңғымаларды жерасты жөндеу, жерасты құралдарын химиялық реагенттермен профилактикадан өткізу өткізу кен орындарында мұнай өндіруге арналған жұмыстардың оңтайлы кешені іске асырылып жатыр.
Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық және орта мерзімді келешекте операциялық және күрделі шығындарды оңтайландырудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол жеткізілетін болады.
Компанияның бар кен орындарын дамыту бағдарламасын орындаудың ҚМГ БӨ-нің одан әрі қарыштап өсуі үшін шешуші мәні бар.



