Корпоративтік құжаттар

Корпоративтік басқару кодексі
Компанияның бағалы қағаздарының Лондонның қор биржасында саудаласытығы мен айналымына рұқсат етілуіне байланысты Компаниядан жылдық есепте корпоративтік басқарудың қазақстандық кодексін, сондай-ақ Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексін сақтау туралы ақпаратты ашу талап етіледі.
Компанияның Корпоративтік басқару кодексі корпоративтік басқарудың қазақстандық кодексінің негізінде қабылданды, сондай-ақ Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес келеді (кейбір ережелерді қоспағанда).
Корпоративтік басқару кодексі, басқаларын қоспағанда, корпоративтік басқарудың принциптерн белгілейді және Компанияның басқару органдары қызметінің тәртібін айқындайды.
Компанияның Корпоративтік басқару кодексі мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: Корпоративтік Басқару Кодексі 

Корпоративтік әдеп кодексі
Ұлыбританияның Компанияда қолданымды «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңына сәйкес Компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша осыған бара-бар саясат пен рәсімдерді қабылдауға міндетті. Корпоративтік әдеп кодексі аталған рәсімдердің негізгі элементі болып табылады.
Корпоративтік әдеп кодексі Компанияның корпоративтік құндылықтарын анықтайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге, мүдделердің қақтығысын болдырмауға, Компания қызметінің транспоренттілігін қамтамасыз етуге, Компанияның активтері мен ақпараттарын қорғауға қатысты Компанияның қызметкерлері мен лауазымды тұлғалары үшін өзін-өзі ұстау стандарттарын белгілейді.
Компанияның корпоративтік әдеп кодексі мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: Корпоративтік әдеп кодексі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі саясат
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі саясатты қабылдаудың мақсаты Компанияның қызметкерлері мен ассоциацияланған тұлғаларының арасында сыбайлас жемқорлықтың бой көрсетуінің кез келген нышандарына төзбеушілік мәдениеті мен заңдылық, адалдық, сатылмаушылық және бизнесті жүргізудегі ашықтық принциптерін ұстануды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ұлыбританияның заңнамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша әлемдік ең үздік практикаларды қатаң сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі саясатты қабылдауы Ұлыбританияның «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңын сақтау мақсатында Компания қабылдап отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қисынды элементтердің бірі болып табылады.
Компания Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі саясатқа сәйкес сыбайлас жемқорлықтың бой көрсетуінің кез келген нышаны төзгісіз деп есептейді.
Компания оны сыбайлас жемқорлық қызметіне тарту тәуекелдерін барынша болдырмау мақсатында күмәнді атақтардың бой көрсетуі мен ықтимал әріптестердің, мердігерлердің, делдалдардың, агенттердің және Компанияның өзге де ассоциацияланған тұлғаларының сыбайлас жемқорлықтың бой көрсетуіне төзімділікпен қарауына айрықша назар аударатын болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі саясатқа сәйкес Компанияның қызметкерлері мен өзге де ассоциацияланған тұлғаларына:
- пара беруді ұсынуға, оған уәде етуге немесе жүзеге асыруға;
- пара беруді талап етуге, оны қабылдауға келісуге немесе пара алуға;
- қолданымды заңнамамен көзделгендерді қоспағанда, төлемдер ұсынуға, оған уәде беруге және жүзеге асыруға, мемлекеттік функцияларды орындаушы адамдарға, сондай-ақ олармен теңестірілген адамдарға, сондай-ақ шетелдік лауазымды адамдарға белгіленген процедураларды тездету немесе жеңілдету үшін сыйлықтар беруге;
- төлемдер мемлекет белгілеген рәсімдерді тездету немесе жеңілдету үшін пайдалануы мүмкін екендігіне күмән туған жағдайда агенттерге төлемдер ұсынуға, оған уәде беруге немесе оны жүзеге асыруға;
- жеке пайда алу үшін Компанияға еңбекке орналастыруды ұсынуға (оның ішінде уақытша негізде), уәде беруге немесе орналастыруға;
- кез келген агенттен немесе мердігерден асыра көрсетілген немесе жалған төлемдерді қабылдауға жағдай жасауға немесе қабылдауға;
- сән-салтанаттың нышаны болып табылатын сыйлықтар немесе қонақжайлық нышандарын ұсынуға немесе алуға тыйым салынады.

Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын әзірледі.Бұл құжат мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: Қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

Ақпараттарды ашу саясаты
Компания ҚР Ұлттық Банкінің қағидалары мен Қаржылық қадағалау басқармасының (Ұлыбритания) басшылығындағы ашу және анықтылық қағидалары талаптарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Ақпаратты ашу саясатын қабылдады.
Саясатта акционерлер мен инвесторлардың мүдделерін қозғайтын ақпаратты, оның ішінде корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржы есептілігін, аудиторлық есептерді, үлестес тұлғалардың тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындылары бойынша басқарма мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты ашу тәртібі көзделген.
Сонымен қатар, Саясатта Компанияның барлық инвесторлар мен акционерлерге инсайдерлік ақпаратты дереу ашу міндеттемесі көзделген. 

Бағалы қағаздармен мәмілелер жөніндегі саясат
Қаржылық қадағалау басқармасының (Ұлыбритания) басшылығындағы листинг қағидалары Компаниядағы басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың Компанияның бағалы қағаздарымен мәмілелер жасасуына белгілі бір шектеулер қояды, сондай-ақ Компаниядан инсайдерлік ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуді талап етеді.
Компания Бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу саясатын Қаржылық қадағалау басқармасының (Ұлыбритания) басшылығындағы Листинг қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында қабылдады. Қаржылық қадағалау басқармасының (Ұлыбритания) басшылығындағы Листинг қағидаларының және Бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу саясатының талаптарын сақтамау осы талаптарды бұзатын тұлға үшін қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ инсайдерлеріне арналған ақпарат
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ («Қоғам») Қоғамның инсайдерлеріне «Бағалы қағаздар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының («Заң») талаптарын орындау үшін қабылданған Қоғам қағидалары туралы хабарлайды.Осы бөлімде Қоғамның инсайдерлері Заңда көзделген міндеттемелердің уақытылы және лайықты түрде орындалуы үшін қажетті ақпаратты алуы мүмкін, бұл, өз кезегінде, Қоғам мен оның акционерлерінің заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ақпарат мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған:«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ инсайдерлеріне арналған ақпарат

Бастамашылықты ақпараттандыру саясаты
Компанияның қызметкерлері мен ассоциацияланған тұлғаларына (мердігерлеріне, агенттеріне немесе Компания үшін немесе оның атынан қызметтер көрсетуші өзге де үшінші тұлғаларға) қолданымды заңнаманың, Компанияның реттеуші талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуді сақтау саласындағы реттеушілік талаптарының, саясаты мен рәсімдерінің сақталмауына қатысты алаңдаушылық білдіру мүмкіндігін беру мақсатында өз қалауымен ақпараттандыру саясатын қабылдады.
Қызметкерлер мен Компаниямен байланысты үшінші тұлғалар құпия емес негізде немесе мынадай тәсілдермен:
- report@seehearspeakup.co.uk  мекен-жай бойынша электронды хабарландыру жолдап; немесе
- KMGEP логині мен 56437 паролді пайдалану арқылы www.seehearspeakup.co.uk веб-бетте хабарландыру қалдырып құпия негізде бастамашылықты хабардар ету желісі арқылы қолданымды заңнаманың, комплаенс мәселелері бойынша  Компанияның реттеуші талаптарының және саясаттары мен рәсімдерінің сақталмайтындығы туралы өздерінің алаңдаушылығын білдіре алады.

Компанияның қағидаттары
Бұл құжат «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының (Компания) бизнесті жүргізуінің барлық қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар жалпы корпоративтік мақсаттарға қол жеткізу барысында өз қызметтерінде ұстанатын жəне Компанияның корпоративтік мəдениетін қалыптастыратын негізгі қағидаттарын белгілейді. Бұл құжат мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: КМГ БО АК Қағидаттары

Компанияның Жарғысы
Осы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының Жарғысы Қоғамның аттауын, орналасқан жерін, құрылу тәртібі мен органдарының құзыретін, Қоғамның қайта ұйымдастырылуы мен қызметінің тоқтатуының шарттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді айқындайды. Бұл құжат мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Жарғысы

Жарғыға енгізілген өзгерістер:

Директорлар кеңесі туралы ереже
Осы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі  туралы ережесі  Қоғамның басқару орган ретінде директорлар кеңесінің қызмет ету процедурасын нақтылайды. Директорлар кеңесі туралы ереже мына төмендегі сілтеме бойынша Компанияның корпоративтік веб-сайтында орналастырылған: «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар Кеңесі туралы ереже

Наверх