Бағдарлама бойынша баспасөз мәлімдемелері

10 қазан, 2011

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ акцияларды кері сатып алудың басталғанын хабарлайды

Астана, 10 қазан 2011 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің 2011 жылдың 15 қыркүйек күнгі шешіміне сәйкес, 2011 жылдың 11 қазанынан бастап акцияларды кері сатып алу бағдарламасының жүзеге асырылатыны жайында хабарлайды. Акцияларды кері сатып алу процесі қор биржаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын болады.

Директорлар кеңесінің Компанияның рынокта жарияланған ЖДҚ-тары мен акцияларының бір бөлігін сатып алу туралы шешімі менеджменттің Компанияның болашағы мен құндылықтарына сенімді екенін көрсетеді. Одан бөлек, аталған қадам ақша қаражаттарын барлық акционерлердің мүддесіне сай мейлінше тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Осы бағдарламаға сәйкес, Компания 300 млн. АҚШ долларына дейінгі сомаға Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастырылған қарапайым акцияларды және Лондон қор биржасында (LSE) орналастырылған жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) сатып алмақ ниетте.

Акциялар мен ЖДҚ-тар сатып алу кезіндегі басымдықты баға бойынша сатып алынады. Компания LSE сауда басталғанға дейін өткен күннің мәмілелерінің нәтижелерін күн сайын жариялап отыратын болады.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай») және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды. Компанияның жай және артықшылықты акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2011 жылдың маусымында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВ+» деңгейінде және 2011 жылдың қыркүйегінде GAMMA корпоративтік басқару рейтингін «GAMMA-6» деңгейінде растады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7600)
Дәулет Жұмаділ
E-mail: pr@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 5433)
Әсел Қалиева
E-mail: ir@kmgep.kz

Pelham Bell Pottinger (+44 207 861 3147)
Елена Добсон
E-mail: Elena.dobson@pelhampr.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр» , «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер олар болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

PR_Buyback_commencement_10102011_kaz (48 Кб) Көшіріп алу
Наверх