Ақпараттық хабарлама

23 қаңтар, 2018

Мүлікті («ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың 100%-тік еншілес ұйымы болып табылатын «KMG EP Catering» ЖШС-дағы қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру үшін Сенімді басқарушыны таңдау бойынша конкурсты өткізу туралы

Басқарманың 2017ж.03.08 №15 шешімімен бекітілген Мүлікті («KMG EP Catering» ЖШС-дағы қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімді басқарушыны таңдау тәртібіне (бұдан әрі – Тәртіп) сәйкес «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2018ж.22.01 бастап 2018ж.22.03 дейінгі кезеңде (40 жұмыс күні) Сенімді басқарушыны таңдау бойынша конкурсты жариялайтынын хабарлайды.

Мүлікті («ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың 100%-тік еншілес ұйымы болып табылатын «KMG EP Catering» ЖШС-дағы қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру үшін Сенімді басқарушыны таңдау бойынша конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі мынадай (Тәртіпке сәйкес):

1. Конкурс ұйымдастырушысы ретінде Қоғамның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық адресі, Интернет желісіндегі сайтының адресі, телефон нөмірлері

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қабанбай батыр д-лы, 17, Астана қ., 010000, www.kmgep.kz, байланыстағы тұлға: Примбетов Уәлихан Надирханұлы, тел.: 8(7172)975422.

 2. Конкурстың мәні

Сенімді басқарушыны таңдау бойынша конкурс Қоғамға қатысты үлестес тұлғалар болып табылмайтын әлеуетті сенімді басқарушылар - Басқарушы компаниялар үшін ғана өткізіледі.

 3. Әлеуетті сенімгерлік басқарушымен Қоғамның мүлкін сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі:

Тараптардың уәкілетті органдары осы Шартты жасасу туралы қажетті шешімдерді қабылдаған жағдайда 2018 жылғы 1 шілдеден бастап және 2019 жылғы 30 маусымды қоса алғандағы мерзімге дейін қолданылады.

 4. Сенімгерлік басқарушыға берілетін сыйақы мөлшері:

  ҚҚС-ты ескермегенде, жылына 10 000 (он мың) теңге.

 5. Әлеуетті Сенімгерлік басқарушыны таңдау критерийлері –

Соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының резиденттері болған және мынадай талаптарға сәйкес келетін Басқарушы компаниялар конкурсқа қатыса алады:

1) конкурсқа қатысушының жарғысында тамақтандыруды ұйымдастыру, қызмет көрсету және қамтамасыз ету қызметінің түрінің болуы;

2) өтінім берілген күніндегі жағдай бойынша конкурсқа қатысушының тамақтандыруды ұйымдастыру, қызмет көрсету және қамтамасыз ету қызметіндегі тәжірибесі мен ұзақтығы кемінде 5 жыл болуы тиіс;

3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді беру күнінің алдындағы дәйекті 5 жыл ішінде салықтар мен алымдарды төлеу бойынша берешегі болмауы тиіс;

4) конкурс өтетін күннің алдындағы соңғы 12 ай ішінде (әрбір тоқсанның соңғы есепті күніндегі жағдай бойынша) «KMG EP Catering» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) барлық активтерінен кем болмауы тиіс;

5) конкурсқа қатысушыға қатысты дәрменсіздік (банкроттық) туралы істе көзделетін рәсімдер қолданылмауы тиіс;

6) конкурс өткізілетін жылдың алдындағы жыл қорытындылары бойынша және өтінім берілген күннің алдындағы соңғы тоқсан аяқталған күндегі жағдай бойынша өтінім берушінің есепті кезеңдегі кем дегенде таза кірісі мөлшерінде қарызға алынбаған ақша қаражаты болуы тиіс;

7) конкурсқа қатысушы Қоғамға қатысты үлестес тұлға бола алмайды;

8) сыйақы алуға дайындығы, сыйақы мөлшері туралы ақпаратты бергендер. Бұл ретте, өтеусіз сенімгерлік басқару көзделуі мүмкін;

9) Қоғамның ЕТҰ үшін әлеуметтік тұрақтылық, штат кестесін (Серіктестіктегі барлық жұмыс орындарын) сақтау мен  тамақтандыру тарифтерін сақтау кепілдіктері. Осы талаптар еңбек дауларын реттеу туралы талаппен бірге Сенімгерлік басқару шартына міндетті түрде бекітіледі;

10) Серіктестіктің қызметімен танысу (зерттеу) ниеті білдірілген жағдайда құпиялылық және ақпаратты жария етпеу туралы шартқа қол қойылады;

11) 6-бөлімде көрсетілген кепілдікті жарнаның сомасын енгізу туралы ақпарат бергендер.

 6.  Конкурстың әрбір қатысушысының енгізуі үшін қажетті кепілдікті жарнаның мөлшері:

Конкурсқа әрбір қатысушы Конкурстың қорытындылары шығарылғаннан кейін конкурс қатысушыларына қайтарылатын кепілдік жарнаны енгізу конкурс шарттарының бірі болып табылады. Егер конкурсқа қатысушы өзінің ұсынысынан бас тартпаса, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оны өзгертпесе не егер конкурс жеңімпазы Мүлікті сенімгерлік басқару шартын жасасудан бас тартпаса, кепілдікті жарна қайтарылмайды. Кепілдікті жарнаның сомасы 10 000 000 теңгеге тең.

 7. Конкурсқа берілетін құжаттардың түпкілікті тізбесі мен оларды ресімдеуге қойылатын талаптар:

1) заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нотариаттық куәландырылған көшірмелері. Бұл ретте, әлеуетті Сенімгерлік басқарушының жарғысында тамақтандыруды ұйымдастыру, қызмет көрсету және қамтамасыз ету қызметінің түрі көзделуі тиіс;

2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаны сайлау (тағайындау) туралы құжаттың басшының қолымен және конкурсқа қатысушының мөрімен куәландырылған көшірмесі;

3) өтінім берілген жылдың алдындағы соңғы 5 (бес) жылдағы бас бухгалтердің қолымен және конкурсқа қатысушының мөрімен куәландырылған бухгалтерлік баланс пен пайда пен шығындар туралы есеп;

4) өтінімді берген тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжат;

5) конкурсқа қатысушының басшысы куәландырған конкурсқа қатысушының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер; аталған тізбеде мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:

  • толық атауы, заңдық және пошталық мекенжайы;
  • заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні мен нөмірі;
  • заңды тұлғаның атауындағы, ұйымдық-құқықтық нысанындағы өзгерістер туралы деректер;
  • атқарушы орган басшысының немесе заңды тұлғаның жеке-дара басшысының аты-жөні және оның тағайындалуын растайтын құжат;
  • үлестестік негізі туралы мәліметтер, сондай-ақ, егер үлестес тұлға өтінім берушінің акционері (қатысушы) болса – оның өтінім берушінің жарғылық капиталындағы үлесі туралы мәліметтер;

6) конкурсқа қатысуға арналған өтінімді беру күнінің алдындағы дәйекті соңғы 5 жылда конкурсқа қатысушының салық берешегінің, міндетті  зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің бар-жоғы туралы мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері;

7) өтінім берілген күндегі жағдай бойынша кем дегенде 5 (бес) жылдағы осы бөлімнің 1-тармақшасында аталған қызмет түрінің ұзақтығын растайтын құжаттар (қабылдау-беру актілері, шарттар бойынша орындалған жұмыстар актілері);

8) конкурс өткізілетін жылдың алдындағы жыл қорытындылары бойынша және өтінімді беру күнінің алдындағы соңғы тоқсан аяқталған күндегі жағдай бойынша жеке қаражаттың есебі;

9) конкурсқа қатысуға арналған өтінім-хат;

10) сенімгерлік басқару үшін берілетін сыйақы мөлшері бойынша курстық ұсыныс;

11) 6-бөлімде аталған мөлшердегі кепілдікті жарнаның сомасын аудару туралы төлем тапсырмасы не банк кепілдігі;

12) егер конкурс қорытындылары бойынша қатысушы жеңімпаз болып белгіленсе, Серіктестіктің жалғыз қатысушысының мүлікті (Серіктестегі қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру туралы түпкілікті шешімді және осындай беру шарттары белгілейтіні туралы түпкілікті шешімді қабылдайтынына келісетінін растайтын хат.

 8. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау орны, күні, басталу мен аяқталу уақыты

Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ офисі, өтінімдерді қабылдау кезеңі – 2018ж.22.01 сағат 09.00 бастап 2018ж.22.03 сағат 18.30 дейін (40 жұмыс күні)

9. Конкурсқа арналған өтінімнің нысаны: осы хабарландыруға қосымшаға сәйкес.

10. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беру тәртібі:

1) осы хабарландыру Қоғамның сайтында орналастырылған күннен бастап 40 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді беруге болады;

2) Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қазақ және орыс тілдерінде екі данада (түпнұсқа мен көшірме) ресімделеді, олардың әрқайсысы өтінім берушінің қолымен куәландырылады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге өтінім берушінің қолымен расталған ол берген құжаттар мен материалдардың тізбесі қоса беріледі және олардың түпнұсқасы Конкурстық комиссияда, көшірмесі – өтінім берушіде қалады;

3) Конкурстық комиссияның хатшысы Конкурстық комиссияға берілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімді оның берілген күні мен нақты уақытын (сағаты мен минуттарын) осы уақыттың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдердің берілген уақытымен бірдей болуын болдырмау үшін көрсетіп, оны реттік нөмірмен өтінімдер журналында ресімдейді. Өтінім беруші берген құжаттар мен материалдардың көшірмелерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің нөмірін көрсетіп, олар берілген күн мен уақыт туралы белгі жасайды;

4) Конкурстық комиссияның хатшысы өтінімдерді беру мерзімі өткеннен кейін берілген Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер қабылданбайды. Өтінім берушінің өтініші бойынша Конкурстық комиссия хатшысы өтінімде қабылдаудан бас тарту туралы белгі қояды.

11. Өтінім салынған конверттерді ашу және конкурс жеңімпазын айқындау орны, күні мен уақыты:

Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ офисі, 2018ж.02.04 сағат 10.00

12. Конкурс жеңімпазын айқындау тәртібі:

Конкурс қатысушыларына қойылатын барлық талаптарға сәйкес келетін Басқарушы компания конкурс жеңімпазы болып танылады.

Бір немесе одан да көп конкурстық ұсыныс критерий бойынша бірдей ұсыныстарды қамтыған жағдайда өтінім берілген күндегі жағдай бойынша таза активтерінің көлемі ең үлкен конкурс қатысушысы конкурс жеңімпазы болып танылады.

 13. Конкурстық комиссия мүшелерінің конкурсты өткізу қорытындылары туралы хаттамаға қол қою мерзімі:

10 жұмыс күні.

Конкурсты ұйымдастыру конкурсты өткізу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған немесе конкурсты өткізілмеді деп жариялау туралы шешім қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде конкурсты өткізу қорытындылары туралы, оның ішінде конкурс жеңімпазының атауы көрсетілген хабарламаны Интернет желісіндегі жеке сайтында орналастырады және аталған хаттаманың данасын конкурс жеңімпазына жібереді.

14. Шартты жасасу тәртібі:

Сенімгерлік басқару шартын жасасу алдында Конкурсты ұйымдастырушы мүлікті (Серіктестіктегі қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімді қабылдау және Серіктестік Жарғысының 8.2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес осындай беру талаптарын белгілеу мақсатында конкурс қорытындыларымен бірге материалдар мен шарттың жобасын белгіленген тәртіппен Серіктестіктің жалғыз қатысушысына жібереді.

Жалғыз қатысушы тиісті шешім қабылдағаннан кейін, Шарт Басқарушы компанияға қол қою үшін жіберіледі. Басқарушы компанияны сенімгерлік басқару шартына қол қою мерзімі – 10 күнтізбелік күн. Басқарушы компания 10 күнтізбелік күн ішінде Сенімгерлік басқару шартына қол қоймаған жағдайда, 6-бөлімге сәйкес кепілдікті жарна қайтарылмайды.

 15. Қорытынды ережелер

 Әлеуетті қатысушылардың Серіктестіктің қызметін лайықты түрде зерттеуі және конкурсқа қатысу туралы шешім қабылдауы мақсатында Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа әлеуетті қатысушыларға ақпаратты бөлмені (Data Room) ұйымдастыратын болады, онда зерттеу үшін қажетті барлық ақпарат, оның ішінде бюджеттер, құрылтайшылық құжаттар, Жарғы, аудиттелген қаржы есептілігі, коммерциялық құпия мәртебесі бар барлық есептер мен өзге де құжаттар беріледі.

Data Room бойынша шарттар:

1) Data Room осы хабарландыру Қоғамның сайтында орналастырылған күннен бастап ашылады.

2) Ашылатын мәліметтердің құпия болуына байланысты Data Room-ге қол жеткізу рұқсаты конкурсқа әлеуетті қатысушыларға Құпиялылық және ақпаратты жария етпеу туралы келісімге қол қойылғаннан кейін ғана берілуі мүмкін.

 

 

 

 

Конкурс туралы хабарландыру мәтініне

қосымша

 

Мүлікті («KMG EP Catering» ЖШС-дағы қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру үшін Сенімгерлік басқарушыны таңдау бойынша конкурсқа қатысуға арналған

өтінім

 

  1. 1 жыл мерзімге ________________________________ ____________________________________________________ сенімгерлік басқаруға беру бойынша

(мүліктің атауы)

жарияланған конкурсты өткізу туралы хабарландыруды қарап және Мүлікті («KMG EP Catering» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлік басқарушыны таңдау тәртібімен танысып, _____________________________________________________________________________________

(өтінім берушінің толық атауы)

20____ жылғы «_______» _________________ _____________________________________________ веб-порталында өтетін конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдауыңызды және конкурсқа қатысушы ретінде тіркеуіңізді сұраймыз (сұраймын).

Біз (мен) ____________________________________________________________________________________

(ЖСК, БСК, төлем мақсатының коды, Кбе)

хабарламада көрсетілген _________________________________________________________ шотқа _____________________________________________________________________________________

(соманы көрсету, оның ішінде толық жазып көрсету)

мөлшеріндегі конкурсқа қатысуға арналған кепілдікті жарна сомасын салдым.

 

 

Мүлікті («ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың 100%-тік еншілес ұйымы болып табылатын «KMG EP Catering» ЖШС-дағы қатысу үлесін) сенімгерлік басқаруға беру үшін Сенімді басқарушыны таңдау бойынша конкурсты өткізу туралы (168 Кб) Көшіріп алу
Наверх