Ақпараттық хабарлама

13 наурыз, 2018

Пут опционының әрекет ету кезеңі басталғандығы туралы хабарлама

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («Қоғам») барлық акционерлерге 2018 жылдың 12 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы («Жалпы жиналыс») өткендігі туралы хабарлайды, онда Лондон қор биржасының ресми тізімінен Қоғамның жаһандық депозитарлық қолхаттарын тұрақты алып тастау (ерікті делистингі) және «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның ресми тізімінен Қоғамның жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарын тұрақты алып тастау (ерікті делистингі) бекітілді.

2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Жалпы жиналысқа қатыспаған немесе Қоғам акцияларының делистингі туралы Жалпы жиналыстың аталған шешімдерін қабылдауға қарсы дауыс берген акционерлер (Қоғамның жай және/немесе артықшылықты акцияларын ұстаушылары) Қоғамнан олардың акцияларын сатып алуды талап етуге құқылы. Акцияларды сатып алу 2018 жылғы 22 қаңтардағы өзгерістерімен 2008 жылғы 23 қаңтарда акционерлердің жалпы жиналысы бекіткен «Оларды Қоғамның сатып алу кезінде «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ акцияларының құнын айқындау әдістемесінің» («Әдістеме») 10-тармағына сәйкес жүргізілетін болады.  Ақпарат үшін Әдістеменің мәтінімен төмендегі сілтеме бойынша оқып, танысуға болады: 

https://www.kmgep.kz/uploads/files/Metodika_22.01.2018.pdf

Акцияларды сатып алу туралы жоғарыда көрсетілген талапты Әдістеменің 6-тармағына сәйкес Қоғамға 2018 жылдың 11 сәуірін қоса алғанға дейін отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр,17 мекенжайы бойынша орналасқан Қоғамның кеңсесінде беруге болады. Қоғам 2018 жылдың 11 сәуірінен кейін алынған талаптарды қанағаттандыра алмайды.  

Пут опционының әрекет ету кезеңі басталғандығы туралы хабарлама (134 Кб) Көшіріп алу
Наверх