Ақпараттық хабарлама

12 сәуір, 2018

Пут опционының әрекет ету кезеңі аяқталғандығы туралы хабарлама

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы («Қоғам») барлық акционерлерге олардың акцияларын сатып алу жөнінде Қоғамға талап қою бойынша акционерлер құқықтары мерзімінің аяқталғандығы туралы хабарлайды.

Бұрын хабарланғандай, 2018 жылғы 12 наурызда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы («Жалпы жиналыс») өтіп, онда Лондон қор биржасының ресми тізімінен Қоғамның жаһандық депозитарлық қолхаттарының тұрақты шығарылуы (ерікті делистинг) және «Қазақстан қор биржасы» АҚ ресми тізімінен Қоғамның жай акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының тұрақты шығарылуы (ерікті делистинг) бекітілді.

2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Жалпы жиналысқа қатыспаған немесе Қоғам акцияларының делистингі туралы Жалпы жиналыстың көрсетілген шешімдерін қабылдауға қарсы дауыс берген жай және/немесе артықшылықты акциялардың ұстаушылары – акционерлер Жалпы жиналыс тиісті шешімді қабылдаған күнінен бастап 30 (отыз) күн ішінде олардың акцияларын сатып алу жөнінде Қоғамға талап қою құқығына ие болды. Көрсетілген мерзімнің аяқталу датасы 2018 жылғы 11 сәуірге келіп тұр.

Тиісті хабарламамен төменде берілген сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.kmgep.kz/rus/press_center/informational_messages/?cid=0&rid=2214

Осылайша, 2018 жылғы 11 сәуірде Жалпы жиналыстың жоғарыда көрсетілген шешімдеріне байланысты акционерлердің оларға тиесілі акцияларын сатып алу жөнінде Қоғамға талап қою құқықтарының мерзімі аяқталды.

Пут опционының әрекет ету кезеңі аяқталғандығы туралы хабарлама (135 Кб) Көшіріп алу
Наверх