Ақпараттық хабарлама

15 ақпан, 2019

ҚМГ БӨ ірі мәмілені жасау туралы шешім қабылданғаны және «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 27 бабының әрекет кезеңі басталуы туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Қоғам») 2019 жылдың 11 ақпанында Қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында  Қоғамның ірі мәміле жасау туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлайды, оның нәтижесінде құны Қоғам активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінен елу және одан да көп процентті құрайтын, Қоғам иеліктен шығарылатын мүлік (иеліктен шығарылуы мүмкін) – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен Қоғам арасындағы 2018 жылғы 19 қыркүйектегі №183-79//337-71 қаржылай көмек көрсету туралы Шартқа қосымша келісім.

Акционерлер, аталған шешіммен келіспеген жағдайда,«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 27 бабына сәйкес аталған шешім қабылданған күннен бастап отыз күн ішінде 2019 жылдың 13 наурызына дейін Қоғамға өздеріне тиесілі акцияларды сатып алу туралы талапты жазбаша өтінішпен  Қоғамға мына мекенжайға: Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қ.,  Қабанбай Батыр д 17.  жолдауға құқылы. Қоғамның оларды сатып алу кезінде сатып алу бағасы  «ҚазМұнайГаз»БӨ»АҚ акциялар құнын анықтау  Әдістемесіне сәйкес анықталатын болады, сәйкесінше жай және артықшылықты акцияларға қатысты, акционерлердің жалпы жиналысымен 2008 жылдың 23 қаңтарында, 2018 жылдың  22 қаңтарында және 2018 жылдың 11 шілдесінде өзгерістермен бекітілген («Әдістеме»).

 

Әдістеме мәтінімен http://kmgep.kz/uploads/files/Metodika_11.07.2018.pdf сілтемесін басу арқылы танысуға болады.

Наверх