Ақпараттық хабарлама

09 қазан, 2019

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ АКЦИОНЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАНДЫРУ

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) келесіні хабарлайды.

«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – АҚ туралы заң) 23-бабына өзгерістер енгізетін және 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 166-VІ Заңының талаптарына сәйкес, Қоғам талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін, Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде өзекті деректемелері туралы мәліметтер жоқ акционерлерге тиесілі жай және артықшылықты акциялар бойынша, 2018 жылды қоса алғанда, барлық өткен кезеңдер үшін есептелген, бірақ талап етілмеген дивидендтерді (бұдан әрі – талап етілмеген дивидендтер) орталық бағалы қағаздар депозитарийінде ашылған шотқа аударды.

2019 жылдың 1 қазанынан бастап, талап етілмеген дивидендтерді алу үшін акционерлер орталық депозитарийге жүгінуі тиіс.

Орталық депозитарий өзекті деректемелер болмағандықтан, дивидендтері төленбеген тұлғаның (акционердің) деректемелері туралы мәліметтерді тұлғаның (акционердің) өтініші негізінде өзектендіреді және осы тұлғаға тиесілі дивидендтерді, деректемелер өзектендірілген күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде жүгінген тұлғаның банк шотына аударады.

«Орталық бағалы қағаздар депозитарийі» АҚ-тың байланыс деректері: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Сәтбаев к-сі, «Теңіз тауэрс» ТК аумағындағы 30/8 үй (байланыс телефоны: 8 (727) 355-47-60, 262-08-46)

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-тың байланыс деректері: Қазақстан Республикасы, индекс  010000, Нұр-Сұлтан қ., Қабанбай батыр д-лы, 17, корпоративтік қаржыландыру және инвесторлармен жұмыс департаменті, тел.: +7(7172)78-92-38, +7(7172)90-74-48 78-92, e-mail: A.Makhambetova@kmgep.kz, A.Shalabaeva@kmgep.kz

Наверх