Ақпараттық хабарлама

10 ақпан, 2015

ҚМГ БӨ мен Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

09 ақпан 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің  Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті мен Компания арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға («Меморандум») қол қойылғанын хабарлайды.

Меморандум екі жақтың мүддесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында жүргізілетін геологиялық-барлау жұмыстары мен көмірсутек шикізатын геологиялық зерттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Меморандум шеңберінде Компания Қазақстан аумағындағы бірнеше болашағы бар шөгінді бассейндердің жер қойнауына мұнай-газ кеніштерін іздеу және барлау, көмірсутектер қорын арттыру мақсатымен мұнай-геологиялық зерттеу жүргізеді.

Тараптар минералды қорлар жөніндегі мәліметтерді, геологиялық және техникалық ақпаратты алмасу, келісілген іздеу және барлау жұмыстарын жүргізу, алдыңғы қатарлы геологиялық-барлау технологияларын пайдалану жөнінде мәмілеге келді.

Анықтама

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2014 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)
Жулдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ мен Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды (104 Кб) Көшіріп алу
Наверх