Ақпараттық хабарлама

13 тамыз, 2015

ҚМГ БӨ кәсіби біліктілік байқауының командалық есебінде «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері бірінші орынды иеленді

Ақтау қаласы, 13 тамыз 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» («ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС және сервистік «КРУЗ» компаниясының 58 қызметкері қатысқан ҚМГ БӨ еншілес және тәуелді ұйымдарының арасындағы 8-ші «Үздік маман» кәсіби біліктілік байқауының аяқталғанын хабарлайды.

Биыл байқау «Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік базасында өткізілді. Тапсырмаларды орындау үшін Өзен кен орнында қажетті қондырғылармен жабдықталған арнайы полигон ұйымдастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша барлық 11 номинацияда бірінші орындарды «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері жеңіп алды.

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерлері «мұнай мен газды өндіру операторы», «ұңғымаларды зерттеу операторы» және «электромонтер» (бригада) сияқты үш мамандық бойынша екінші орынды иеленді.

«ҚазГерМұнай» БК ЖШС қызметкерлері «автоматика және бақылау-өлшеу құрылғыларының слесарі», «химиялық сараптама лаборанты», «мұнайды дайындау операторы» (тауар операторы) номинацияларында екінші нәтиже көрсетті.

«Қаражанбасмұнай» АҚ өкілдері «қабат қысымын қадағалау операторы», «ұңғымаларды жер асты жөндеу операторы» (бригада) мамандықтары бойынша екінші орынды қағанат тұтты.

Кәсіби біліктілік байқауына биыл бірінші рет қатысқан «КРУЗ» ЖШС қызметкерлері «газ-электр дәнекерлеушісі» және «токарь» мамандықтары бойынша екінші орынға ие болды.

Әр мамандық бойынша байқау жеңімпаздары «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталып, бағалы сыйлықтар және ақшалай сыйақы алды. Бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылардың жалақысына бір жыл бойы тарифтік мөлшерлеменің 30%, 20% және 10% көлемінде қосымша ақы төленеді.

Байланыс ақпараты:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)
Жұлдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz

ҚМГ БӨ кәсіби біліктілік байқауының командалық есебінде «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлері бірінші орынды иеленді (150 Кб) Көшіріп алу
Наверх