Ақпараттық хабарлама

15 қыркүйек, 2015

Атырауда алғаш рет ҚМГ БӨ қызметкерлерінің Спартакиадасы өтіп жатыр

Атырау, 15 қыркүйек 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ компаниялар тобы қызметкерлерінің ІV Спартакиадасы басталғанын хабарлайды.

Спорт сайысына «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС, Жаңаөзен қаласында орналасқан сервистік компаниялардың құрама командасы,   ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Инженерлік орталық, «Урал Ойл Газ» ЖШС,  «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері» ЖШС құрама командалары қатысуда – Астана, Орал қалалары мен Атырау, Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда облыстарынан барлығы 350-ге жуық мұнайшы жиналды. 

Төрт күн бойы (15 – 18 қыркүйек аралығында) мұнайшылар волейбол, баскетбол, мини-футбол, үлкен және үстел теннисі, суға жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, қазақша күрес пен тоғыз құмалақ сияқты спорт түрлерінен сайысады.

Спартакиаданың ашылу салтанатында ҚМГ БӨ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайырбек Елеусінов: «Спартакиада біздің компанияның дәстүрлі сайысына айналды. Рухты көтеріп, намысты оятатын бұл шараға еншілес компанияларымыздың қызметкерлері жыл бойы дайындалады. Спартакиада мұнайшылардың салауатты өмір салтына көшуіне түрткі болды десем артық айтпаймын»,-деп атап өтті.

Дәстүр бойынша ҚМГ БӨ еншілес компаниялары Спартакиаданы кезекпен өткізеді. Биыл шара Атырау қаласында өтіп жатыр. Сайыс  басталардан бұрын Спартакиада қатысушылары «Сарайшық» мемориалдық кешеніне дейін автошеру ұйымдастырып, Сабыр Қазыбаев атындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиленушілерімен кездесті.

Байланыс ақпараты:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)
Жұлдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz

 

Атырауда алғаш рет ҚМГ БӨ қызметкерлерінің Спартакиадасы өтіп жатыр (305 Кб) Көшіріп алу
Наверх