Ақпараттық хабарлама

13 маусым, 2016

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың 35 жас маманы инновациялар сайысында өз жобаларын ұсынды

13 маусым, 2016 ж., Астана қ.

2016 жылдың 8-10 маусымында «Қазгермұнай» БК» ЖШС базасында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») компаниялар тобының IV форумы өтті. Аталмыш шара аясында инновациялық жобалар сайысы  ұйымдастырылды.

Сайысқа 35 жас маман өндірісті дамытуға, Компания қызметінің экономикалық тиімділігін арттыруға бағытталған өз жобаларын ұсынды. Шараға қатысқандар арасында ҚМГ БӨ еншілес компаниялар: «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ТұлпарМұнайСервис» ЖШС, «КРУЗ» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС және ҚМГ БӨ-нің жұмыскерлері бар.

Жобалар сайыстың алты секциясы бойынша ұсынылды: «Геология, геофизика және игеру», «Мұнай мен газ өндірудің техникасы мен технологиясы», «Ұңғымаларды кезекті жөндеуден өткізу кезінде, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу және бұрғылау кезінде қолданылатын технологиялар», «Мұнай өндіру және қабатты қысымды бір қалыпта сақтау кезіндегі технологиялық процесстердегі химиялау және энергетика», «Өндірістік қауіпсіздік, еңбек және қоршаған ортаны қорғау», «Экономика және қаржы».

- Біз бұл сайысты Компаниямыздағы ең белсенді және дарынды жұмысшыларды анықтау үшін өткіземіз. Жұмысшылардың ұсынған жаңа технологиялары мен жаңаша көзқарастарын пайдаланып өндірістің әлдебір процесстерін оңтайландырып, жұмыс тиімділігін арттыруды мақсат етеміз, - дейді ҚМГ БӨ аппарат басшысы Бауыржан Асқаров – Өткен жылдарда сайыста жеңіске жеткендердің жобалары өндіріске енгізіліп, жұмысының оң нәтижесін беріп жатыр.

Сайыстан өзге форум аясында ҚМГ БӨ бас директоры, Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрманғазы Есқазиевтың жас мамандармен кездесуі өтті. Жиын барысында компания басшысы жас мамандарға балалық шағы жайлы әңгімелеп, өмірлік ұстанымдары және қызметтік жетістікке жетудің қыр-сырымен бөлісті. Топ- менеджерлердің қатысуымен өтетін мұндай кездесулер форум үшін дәстүрге айналып үлгерді. Мұндай кездесулер жастарға еркін түрде басшылық өкілдерімен тікелей сұхбаттасып, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді.  

 

- ҚМГ БӨ-нің әртүрлі еншілес компанияларының жас мамандары бүгін бірге бас қосып, Компания жұмысының тиімділігін арттыруды көздеген жобаларын қорғап жатқанына қуаныштымын, - деді Құрманғазы Есқазиев. Біздің Компания үшін инновациялық жобаларды енгізу ең өзекті мәлеселердің бірі болып табылады. Себебі кен орындарының көпшілігі бүгінде өндірістің шарықтау кезеңінен өткен орындар. Мұнай және газ нарығында қалыптасқан қиын кезеңге қарамастан, аталмыш саланың және онда істейтін білікті мамандардың келешегі зор болатынына күмәнім жоқ. Болашақ көшбасшылар өз жолын осы форуманан бастайды. Мен Компаниямыздың барлық жұмысшыларына ҚМГ БӨ ұсынып отырған барлық мүмкіндікті пайдаланып қалу керектігін айтқым келеді. Ол үнемі біліктілікті арттыру, тың дүниелерді игеріп, кәсіби деңгейді шыңдау дегенді білдіреді.

Бұдан өзге форумға қатысушылар «Қазгермұнай» БК» ЖШС игеріп жатқан Ақшабұлақ және Нұралы кен орындарына барып, Оңтүстік Торғай бассейніндегі өндірістің ерекшеліктерімен танысты.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

компаниялар тобының жобалар сайысы 2016 жеңімпаздары

 

Геология, геофизика және игеру секциясы бойынша:

Аты-жөні

Ұйым атауы

Қызметі

Жобаның атауы

Әбжанов Нариман Әділханұлы

 «Қазгермұнай» БК» ЖШС

Кен орындарын модельдеу қызметінің 1-ші дәрежелі инженері

KMG-Manager. Мобильді басқару

Беков Самат Жарылғасынұлы

 «Ембімұнайгаз» АҚ

«Жылыоймұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасы зерттеу жұмыстары цехінің ұңғымаларын зерттеу жөніндегі оператор

Мұнай қыртысына су жіберу жұмысын модельдеу

 

 

Мұнай мен газ өндірудің техникасы мен технологиясы секциясы бойынша:

Аты-жөні

Ұйым атауы

Қызметі

Жобаның атауы

Шырақбаев Дамир Әлібекұлы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

Геология және кен орындарын игеру департаментінің аға инженері

 

 

«Өзенмұнайгаз» АҚ кен орындарында штангалық терең сорғыларды пайдалану кезіндегі зиянды факторлардан қорғанудың оңтайлы тәсілдері. Газ факторларының әсері

Ұңғымаларды жерасты жөндеу, ұңғымаларды күрделі жөндеу және бұрғылау уақытында кезекті жөндеуден өткізудің технологиялары секциясы бойынша:

Аты-жөні

Ұйым атауы

Қызметі

Жобаның атауы

Түешиев Ақжігіт Қуанышұлы

«Өзенмұнайгаз» АҚ

Жобаны басқару департаментінің (ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеуден өткізу) аға инженері

Роликтік қарнақты жерасты құрылғыларының қажалуына қарсы қолдану

 

 

Мұнай өндірудің технологиялық процессі мен беткейлік қысымды тұрақтау жұмысындағы химизация, энергетика және автоматизация секциясы бойынша:

Аты-жөні

Ұйым атауы

Қызметі

Жобаның атауы

Өтешев Жарылғап Досанұлы

«Өзенмұнайгаз» АҚ

Автоматизация және телекоммуникация басқармасының бақылау - өлшеу құралдар және автоматика бойынша 6 дәрежелі слесарі

ВГУ-200 су қыздыру қондырғысынан арнайы техникаларға су құюды қашықтықтан басқару және автоматтандыру

Экономика және қаржы секциясы бойынша:

Аты-жөні

Ұйым атауы

Қызметі

Жобаның атауы

Батаев Арман Аманкелдіұлы, Оралов Болатбек Өмірбекұлы

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ

Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің аға экономисті,

Бюджеттік жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің жетекші экономисті

Ұңғымаларды жерасты жөндеудің басымдылығын арттыра отырып шығындарды оңтайландыру

 

 

 

Анықтама

Жас мамандар кеңестері ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Компанияның

12 еншілес ұйымдарында 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Кеңестің басты

 мақсаты – жастарды компания жұмысына, оның өндірістік және

стратегиялық мәселелерді шешу жұмыстарына белсене қатысуға ынталандыру,

жас мамандардың кәсіби деңгейлерін арттыру үшін жағдай жасау, жас

мамандарда корпоративті құндылықтар түсінігін қалыптастыру, ғылым

саласында көрсеткен өндірістегі шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, дамыту.   

 

Байланыс ақпараты:

ҚМГ БӨ, жұртшылықпен байланыс қызметі:  pr@kmgep.kz
Елена Пак +7 /7172/ 97 79 08

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың 35 жас маманы инновациялар сайысында өз жобаларын ұсынды (229 Кб) Көшіріп алу
Наверх