Ақпараттық хабарлама

08 шілде, 2016

ҚМГ БӨ  5 жылдық инновациялық-технологиялық даму бағдарламасын қабылдады 

8 шілде, 2016 ж., Астана қ. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесі Компанияның 2016-2020 жылдарға арналған Инновациялық-технологиялық даму (ИТД) бағдарламасын қабылдады. ИТД бағдарламасы әлемдік экономикалық дағдарыс салдарын ескере отырып, шығындарды қысқартуға әкеп соғатын экономикалық ахуалдың кері әсерін жұмсартуға бағытталған.

Аталмыш құжат «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ АҚ-тың индустриалды-инновациялық саясатына, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және ҚМГ БӨ инновациялық-технологиялық даму бағытындағы стратегиялық құжаттарға сәйкес жасалған.

- Бұл бағдарламаның мақсаты – біздің Компанияның негізгі бағыттарындағы инновациялық-технологиялық және ғылыми техникалық даму шараларын іске асыруға барынша жол ашатын негізгі механизмдер мен бизнес-процесстерін ұйымдастыру- деді ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев. – Бағдарлама шеңберінде біздің барлық еншілес компаниялар үшін ортақ инновациялық технологиялардың ақпараттар базасын құруды жоспарлап отырмыз. Бұл инновацияларды енгізу жұмыстарын оңтайландырып, жұмыстың қолда бар нәтижелерін пайдалануға, тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында ҚМГ БӨ технологиялық аудит жүргізуді жоспарлап отыр. Оның негізгі мақсаты – дағдарысты Компания қызметінің тиімділігін арттырып, активтерінің нәтижелігін жоғарылату үшін қолданылатын нақты инновациялық ұсыныстар мен ұйымдастыру шараларын бағалау және талдау.

Инновацялық жұмыстарды атқару кезінде және жалпы алғанда ҚМГ БӨ-нің ұстанатын негізгі басымдық бағыттары:

  • жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік техникасы және қуат тиімділігі бойынша әлемнің ең үздік стандарттары деңгейінде табиғи ресурстарды тиімді түрде пайдалану;
  • ҚМГ БӨ үшін компанияның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін, оны дамытудағы басты қозғалтқыш күш болып есептелетін адам капиталын дамыту;
  • геологиялық барлау – Компанияның ұзақ мерзімдік дамуына негізі болып табылатын, ҚМГ БӨ-нің ресурстық базасын арттыру мақсатына жету жолындағы басым қызмет;
  • түсімділік – Компанияның өмір-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі шарт.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты. 

Байланыс ақпараты:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
e-mail: pr@kmgep.kz
Бақдәулет Төлеген

ҚМГ БӨ 5 жылдық инновациялық-технологиялық даму бағдарламасын қабылдады (251 Кб) Көшіріп алу
Наверх