Ақпараттық хабарлама

08 тамыз, 2016

«Самұрық-Қазына» АҚ Холдингінің ықтимал берушілерін алдын ала саралап іріктеуді жүргізу туралы хабарлама

2016 жылдың 25 шілдесінен бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-ның тұрғысындағы Кәсіби орган Алдын ала сараланған ықтимал берушілер тізбесін қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімді басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі ұйымдардың тауарларының, жұмыстарының және қызмет көрсетулерінің ықтимал ұсынушыларын алдын ала саралап іріктеу (бұдан әрі - АСІ) процедурасын жүргізуде.

АСІ жүргізудің тәртібі «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алу қызметінің стандарттарында регламенттелген. Ықтимал ұсынушыларды алдын ала саралауды жүргізу «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы шешімімен (№ 19/16 хаттама) бекітілген.

Холдингтің ықтимал ұсынушыларын АСІ жүргізу тәртібіне қатысты егжейлі-тегжейлі ақпарат (әдістемелік, пайдаланушының нұсқаулығы, оқыту материалдары) http://pko.skc.kz және www.skc.kz сайттарында орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап 19.00-ге дейін +7 (7172) 55 22 66 телефоны арқылы Call-орталықпен хабарласуға болады.

Бұдан әрі, Холдингтің сатып алу ісіне Алдын ала саралау тізбесіне енгізілген ықтимал ұсынушылар ғана тартылатынына назарларыңызды аударамыз.

«Самұрық-Қазына» АҚ Холдингінің ықтимал берушілерін алдын ала саралап іріктеуді жүргізу туралы хабарлама (210 Кб) Көшіріп алу
Наверх