Ақпараттық хабарлама

19 маусым, 2017

Астанада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

19 маусым 2017 ж., Астана қ. Бүгін «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аумағында Ресей Федерациясынының павильонында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті (РМУ) арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов қол қойды.  

Осы Меморандум геологиялық барлау және өндіру саласындағы жобалардың әлеуетін дамыту мүмкіндігін зерттеуде ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Өзен және Қарамандыбас кен орындарын дамыту тұжырымдамасының жобасын іске асырудағы, Өзен және Қарамандыбас кен орындарына жақын маңдағы аумақта 3D ЖТНӘ сейсмобарлау деректерін кешенді түсіндірудегі ынтымақтастық қаралады. Ниеттер топтамасы Федоровский блогы және Северный Карповский блогының шегінде мұнай-газдылығының келешегін дәлелдеу және геологиялық-барлау жұмыстарының бұдан кейінгі бағыттарын таңдау мақсатында Каспий маңы ойпатында солтүстік бортын кешенді геологиялық зерттеуден тұрады. 

Меморандум бойынша тараптар озық тәжірибе мен ноу-хауды алмасуды қоса алғанда, геологиялық барлау және көмірсутек өндіру саласындағы технологиялық ынтымақтастықтың негізгі ықтимал бастамаларын анықтауға талпынатынын білдіреді. Осы мақсаттар үшін тараптар геологиялық және өндірістік процестерді талдау мен зерттеулердің нәтижелерімен алмасуға бағытталған консультациялар жүргізуге ниетті.     

И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті ҚМГ БӨ компаниялар тобымен ықтымақтастық орнатуға белсенді интеграцияланған. Айталық, РМУ және «Cooperative KMG EP.U.A.» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес өндірістік қызметкерлер (кадрлық резерв, орта буын және жас мамандар) үшін оқыту жүргізуді ұйымдастыру бағдарламасының іске асырылуы дайындалып жатыр.

Атап айтқанда, сараптамалық сауалнаманың нәтижелері бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 115 қызметкері Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде геология, геофизика, кен орындарын игеру, ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу бағыттары бойынша оқытылатын болады. Бұл оқыту бағдарламасы                2017 – 2018 жылдарға есептелген. Бұдан басқа, ҚМГ БӨ тікелей университетпен оқыту бағдарламасын іске асыруда, оған сәйкес қазіргі уақытта «Ембімұнайгаз» АҚ мен «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 5 қызметкері «Мұнай-газ ісі» магистрлік бағдарламасы бойынша осы оқу орнында күндізгі бөлімде оқып жатыр. Қызметкерлердің жұмыс орындары мен лауазымдары сақталған.  

Меморандумға қол қою қорытындылары бойынша ҚМГ БӨ бас директоры Қ.Есқазиев және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры В.Мартынов сөз сөйледі. Тараптар ортақ істің, соның ішінде Қазақстанның мұнай-газ саласының игілігі үшін жасалып жатқан ынтымақтастықтың өзара мүдделерін және мықты әріптестік қатынастарды атап өтті.

АНЫҚТАМА:

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті 1930 жылы академик И.М. Губкинмен құрылды және Ресейдің мұнай-газ бойынша білім беру жүйесінің басты жоғары оқу орны болып табылады. Университет бакалавриат, магистратура мен аспирантура бағдарламалары бойынша оқытады, мақсатты бағыттар бойынша қабылдайды, дайындық курстары, докторантура және қосымша кәсіби білім берудің 250-ден астам бағдарламалары бар. Шетелдік университеттермен бірлесіп, 9 магистратуралық оқыту бағдарламаларын іске асыруда. Университеттің ең маңызды шетел әріптестері арасында – Австрия, Франция, Норвегия, ҚХР, АҚШ, Ұлыбритания, Германияның университтері мен компаниялары. Университет «РА-Эксперт» рейтингісіне сәйкес жұмыс берушілерде ресей университеттері түлектерінің сұранысы бойынша көшбасшылар үштігіне тұрақты кіреді, сондай-ақ ресей ЖОО ішінен 5-ші орынды және Global World Communicator (GWC) 500 әлемнің үздік ЖОО-ның халықаралық жыл сайынғы рейтингісінің жалпы есебінде 256-шы орынды иеленеді.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Астанада «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ және И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды (172 Кб) Көшіріп алу
Наверх