Баспасөз хабарламалары

18 желтоқсан, 2017

ҚМГ БӨ АКТЖ 1 бойынша материалдарды орналастырады

Астана, 2017 жылғы 18 желтоқсан. «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2018 жылғы 22 қаңтарда өтетін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы («АКТЖ 1») бойынша материалдармен https://www.kmgep.kz/rus/investor_relations/shareholder_meetings/ сілтемесі бойынша ҚМГ БӨ сайтында танысуға болатынын хабарлайды.

АДҚ ұстаушыларына АКТЖ 1-де дауыс беруге арналған өз карточкаларын/нұсқаулықтарын Депозитарий арқылы жақын уақытта бергені жөн және кез келген жағдайда олар АКТЖ 1-де дауыс беру үшін лайықты түрде алынуы тиіс. Бұрын дауыс беру мерзімдері АКТЖ күніне дейін шамамен жеті жұмыс күні бұрын болды. Тендерлік ұсыныстың негізгі күндері көрсетілген егжей-тегжейлі кестесі 2017 жылғы 8 желтоқсандағы Тендерлік ұсыныс Циркулярының 14-15-беттерінде бар.

АНЫҚТАМА

2016 жылдың қорытындылары бойынша ҚМГ БӨ Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бойынша көшбасшылар үштігіне кірді. 2016 ж. «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроКазахстан Инк.» компанияларындағы үлестерді ескере отырып, Компанияның өндіру көлемі 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрайды. 2016 жылдың аяғындағы жағдай бойынша бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді ескере отырып, ҚМГ БӨ-нің дәлелденген және әлеуетті қорларының көлемі 182 млн. тонна (1 327 млн. баррель) болды. Компанияның акциялары Қазақстандық Қор биржасындағы, ал ауқымды депозитарийлік қолхаттар Лондондық Қор биржасындағы листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйектегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. АҚШ доллары тартты.

 Байланыс ақпарат

«ҚМГ БӨ» АҚ, институционалдық инвесторлармен байланыс
(+7 7172 97 7979)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Қоғаммен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

 Deutsche Bank Trust Company Americas (+1 212 250 1305)
Дюэуа Брукс
e-mail: duewa.t.brooks@db.com  

  Болашаққа қатысты мәлімдемелер

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдемелер» болып табылатын немесе сондай болып есептелетін мәлімдемелер қамтылған. Болашақты сипаттауға арналған терминология, оның ішінде «есептейді», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіледі», «болжам бойынша», «ниетті», «жоспарлап отыр», «көздейді», «болады» немесе «тиіс» не болмаса, әрбір жағдайда, осы секілді немесе салыстырмалы терминология немесе талқылауларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақ оқиғаларға немесе ниеттерге жасалған сілтемелер болашаққа қатысты мәлімдемелерді белгілеуге арналған. Аталған болашаққа қатысты мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар, өзгелерден басқа, шектеусіз, Компанияның қызмет қорытындыларына, қаржы жағдайына, өтімділікке, перспективаларға, өсуге, әлеуметті сатып алуға, стратегияға және Компания жұмыс істейтін салаларға қатысты ниеттері, пікірлері және  үміттері туралы мәлімдемелерді қамтиды. Мәнісі бойынша, болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің келешектегі қорытындыларына кепілдік болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі қорытындылары, қаржы жағдайы мен өтімділігі және ел мен Компания жұмыс істейтін салалардың дамуы, осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес, осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін немесе болжануы мүмкін. Компания,жаңа ақпаратты алу, болашақ оқиғалар немесе қандай да бір болмасын өзге де мән-жайлардың нәтижесінде осы құжатта қамтылған, салаға қатысты қандай да бір болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да бір болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және өзіне жаңарту міндеттемесін алмайды. Компания ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және осындай болашаққа қатысты мәлімдемелерде жазылған қорытындыларға қол жеткізілетініне қатысты ешқандай болжам жасамайды.

ҚМГ БӨ АКТЖ 1 бойынша материалдарды орналастырады.pdf (134 Кб) Көшіріп алу
Наверх