Баспасөз хабарламалары

28 наурыз, 2014

ҚМГ БӨ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізу туралы хабарлайды

Астана, 28 наурыз 2014 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2014 жылдың 13 мамыр күні акционерлердің жылдық жалпы жиналысы (АЖЖЖ) өткізілетіндігі туралы хабарлайды. АЖЖЖ күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1. 2013 жылғы жылдық топтастырылған есепті бекіту.
2. Қоғамның таза кірісін бөлудің тәртібі мен 2013 жылдың қорытындылары бойынша Қоғамның бір қарапайым және бір артықшылықты акциясына шаққандағы дивиденттің мөлшерін бөлудің тәртібін бекіту. 3. Қоғамның 2013 жылғы жылдық есебін бекіту.
4. Акционерлердің Қоғам мен оның лауазымды адамдарының іс-әрекетіне арыздары және оларды 2013 жылы қараудың қорытындылары туралы мәселені қарау.
5. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасы мүшелерінің 2013 жылғы сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат.
6. Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасының 2013 жылғы жұмысы туралы есепті бекіту.
7. Аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

Өткізілетін АЖЖЖ күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдармен 2014 жылдың 15 сәуірінен бастап ҚМГ БӨ сайтында танысуға болады: www.kmgep.kz/kaz/investor_relations/shareholder_meetings/.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2012 жылдың соңындағы жағдай бойынша 204 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Эмбамұнайгаз» АҚ еншісінде. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2013 жылдың мамыр айында халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 15)
Жұлдыз Джумадилова
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізу туралы хабарлайды (298 Кб) Көшіріп алу
Наверх