Баспасөз хабарламалары

11 сәуір, 2014

2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ қорларын бағалау

Астана, 11 сәуір 2014 жыл.  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») («Miller and Lents, Ltd. («MLL») тәуелсіз компаниясы өткізген «Өзенмұнайгаз» АҚ («ӨМГ»), «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ») және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС («УОГ», ҚМГ БӨ үлесі  - 50%) кен орындарындағы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша мұнай қорларын бағалау қорытындыларын жариялайды.

MLL есебіне сәйкес, 2013 жылдың соңында сұйық қорлар 2012 жылдың соңындағымен салыстырғанда сәл ғана өзгеріске ұшыраған.
• "дәлелденген" (1Р) санатындағы қорлар 4,6% немесе 5,4 млн. тоннаға артып,  122,1 млн. тоннаны (902 млн. баррель) құрады;
• «дәлелденген плюс болжамды» (2P) санаты бойынша  қорлар 0,6% немесе 0,9 млн. тоннаға артып,  148,8 млн. тоннаны (1 101 млн. баррель) құрады;
• «дәлелденген плюс болжамды плюс мүмкін» (3Р) санаты бойынша қорлар 0,4%  немесе 0,7 млн. тоннаға азайып, 182,7 млн. тоннаны (1 349 млн. баррель) құрады.

1Р және 2P санатындағы қорлардың артуы мынаған байланысты:
• жаңа ұңғыларды бұрғылау бойынша ұзақ мерзімді жоспарлар мен өндіруші активтердегі геологиялық-техникалық іс-шараларды орындау;
• жылдық өндіріс көлемінің төмендеуінің есептік қарқынын қайта қарау;
• Рожковское кен орнындағы (Федоровский блогы) барлау ұңғыларында өткізілген сынақтың оң нәтиже беруі.

2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сұйық көмірсутектер қорын бағалау қорытындылары[1]

  млн тонна млн баррель
  1P 2P 3P 1P 2P 3P
31.12.2012 қорлар 116,8 147,9 183,4 863 1 092 1 351
Өндіру 8,0 8,0 8,0 59  59  59
Орнын толтыру 13,4 8,9 7,3 98 68 56
31.12.2013 қорлар 122,1 148,8 182,7 902 1 101 1 349

Бірлескен кәсіпорындардың қорларын тәуелсіз аудиторлар бөлек есептейді[2]. «ҚазГерМұнай» БК ЖШС (ҚГМ) (50%), CCEL (CCEL) (50%) және «Петроказақстан» Инк (ПҚИ) (33%)  компанияларының 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 2P санатындағы сұйық көмірсутектердің жалпы қорларындағы ҚМГ БӨ үлесі 51 млн. тоннаны (365 млн. баррель) құрады. Осылайша, ҚГМ, CCEL, ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ-нің 2P санатындағы жиынтық қорлары 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тонна (1466 млн. баррель) құрады.

Жиынтық қорлар

  млн тонна млн баррель
  1P 2P 1P 2P
ҚМГ БӨ 122 149 902 1 101
ҚГМ 50%, CCEL 50%, ПҚИ 33% 39 51 283 365
Жиынтық қорлар 161 200 1 185 1 466


Анықтама
ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1 млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ және «Эмбамұнайгаз» АҚ, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (Федоровский блогы, Рожковское кен орны) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты. 2013 жылдың мамыр айында  халықаралық Standard & Poor’s агенттігі ҚМГ БӨ несиелік рейтингін «ВВВ-» деңгейінде растады.


Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com


Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

[1] Мұнай қорлары 31.12.2013 ж. жағдай бойынша қолда бар ақпаратқа негізделіп есептелінді. Экономикалық параметрлердің бұдан кейінгі өзгерістері 2014 жылдағы қорлар есебінде көрсетіледі.
[2] ҚГМ және CCEL қорларын «Miller and Lents, Ltd.» компаниясы 2013 жылдың 31 желтоқанындағы және 31 қазанындағы жағдай бойынша есептеді. ПҚИ қорларының есебін «McDaniel & Associates Consultants Ltd» 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша жасады.

2013 Reserves update_final_kaz.pdf (91 Кб) Көшіріп алу
Наверх