Баспасөз хабарламалары

22 қазан, 2014

2014 жылдың алғашқы тоғыз айындағы операциялық нәтижелер

Астана, 22 қазан 2014 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2014 жылдың алғашқы тоғыз айының операциялық нәтижелерін жариялайды.

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында  «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «CCEL» (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есептегенде, ҚМГ БӨ 9 217 мың тонна (тәулігіне 249 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден сәл ғана кем. 

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 3 992 мың тонна (тәулігіне 108 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3% артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 110 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2013 жылдың осы кезеңіндегімен салыстырғанда 1% кем. Нәтижесінде ӨМГ мен ЕМГ жалпы өндіріс көлемі 6 102 мың тоннаны (тәулігіне 165 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2% артық.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2014 жылдың алғашқы тоғыз айында 3 115 мың тонна (тәулігіне 85 мың баррель) құрады, бұл 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,6% кем.

2014 жылдың алғашқы тоғыз айында ӨМГ  және ЕМГ  экспорттық саудаға арналған мұнай көлемі 4 402 мың тоннаны (тәулігіне 117 мың баррель) немесе жалпы сату көлемінің 74% құрады. Бұған қоса, қыркүйек айында 50 мың тонна мұнай Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы үкіметаралық келісім бойынша өзара жеткізу міндеттемелерін орындау шеңберінде Ресейге жөнелтілді. Алдын-ала есеп бойынша, Ресейге жіберілген мұнайдың таза құны (netback) Өзен-Атырау-Самара және Каспий Құбыржелісі Консорциумы арқылы экспортқа тасымалданатын мұнайдың таза құнынан төмен. Ресеймен арадағы өзара жеткізілімдер көлемін ҚР Энергетика Министрлігі бекітеді. Әзірге Компания Ресейге жөнелтілетін мұнайдың 2014 жылдың төртінші тоқсаны мен 2015 жылдарға арналған кестесін алған жоқ.

ӨМГ мен ЕМГ-нің ішкі нарыққа жеткізілімдері 2014 жылдың 9 айында 1 505  мың тоннаны (тәулігіне 40 мың баррель) құрады. Компания 2014  жылы ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа 1,9 млн. тонна мұнай жөнелтеді деп есептейді.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ  үлесі  3 089 мың тонна мұнайды (тәулігіне 85 мың баррель) құрады, оның 1 519 мың тоннасы   (тәулігіне 43 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің  49%-ын құрайды.

Болжам

Компанияның негізгі активтерінде (ӨМГ мен ЕМГ) 2014 жылға өндіріс жоспары өзгеріссіз, 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде сақталмақ. CCEL, ҚГМ және ПҚИ компаниялары 2014 жылға межеленген жоспарды орындайды деп күтілуде, бұл компаниялардың өндіру көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 4 093 мың тоннаны (тәулігіне 84 мың баррель) құрамақ.

Жаңа басқарма мүшесінің сайлануы

ҚМГ БӨ-де қаржылық директор – қаржылық бақылаушы ауысты. Келісім-шарт мерзімі аяқталған Бенджамин Фрейзерді 2014 жылдың 14 тамызында Шейн Дрейдер алмастырды.

Шейн Дрейдер 2007-2011 жылдары Компанияның қаржылық-директор-қаржылық бақылаушысы қызметін атқарған. ҚМГ БӨ компаниясына келмес бұрын Дрейдер Қазақстандағы Делойт энд Туш компаниясында қорлар жөніндегі серіктес қызметінде болған. «Үлкен төрттікте» көп жыл жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған. Сонымен қатар, Бритиш Американ Табако компаниясының түрлі мемлекеттердегі өкілдіктерінде қаржы директоры, қаржы бақылаушысы, ішкі аудит және бизнес-тәуекелдер жөніндегі менеджер қызметтерінде жұмыс атқарған. Калгари университетін «бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған. Альбертаның дипломды бухгалтерлері Институттының мүшесі.

Осылайша, 2014 жылдың 16 қыркүйегінде ҚМГ БӨ директорлар кеңесі қаржылық директор – қаржылық бақылаушы Шейн Дрейдерді Компания басқармасының мүшелігіне сайлады.

Компанияның Бас директоры Абат Нұрсейітов:  «Бенджамин Фрейзерге ҚМГ БӨ-дегі қызметінде  компанияның дамуы мен қаржылық есептілік және ішкі бақылау жүйелерінің жетілуіне үлес қосқаны үшін ризашылығымды білдіремін. Оның кеткені өкінішті-ақ, десе де, ҚМГ БӨ-дегі қызметіне қайтып оралған Шейн Дрейдерге қош келдіңіз дейміз»,-деп атап өтті.

Компанияға «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы тарапынан ұсыныс келіп түскені жайлы 2014 жылдың 25 шілдесінде жария етілген ақпаратқа қатысты, ҚМГ БӨ келіссөз жалғасып жатқанын растайды. ҚМГ БӨ қажеттілік туған күнде өз міндеттемелеріне сай мәлімдемелер жасайды.

АНЫҚТАМА

2014 жылдың 22 қазанындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ басқармасының құрамы:

Абат Нұрсейітов – бас директор;
Қайырбек Елеусінов – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
Шейн Дрейдер – қаржылық директор-қаржылық бақылаушы;
Мәлік Сәулебай  - аппарат жетекшісі;
Ботагөз Әшірбекова – қызметкерлерді басқару және дамыту жөніндегі басқарушы директор;
Дастан Абдулгафаров – бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директор.

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2013 жылы 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша 200 млн. тоннаны (1,5 млрд. баррелді) құрады, оның 148,8 млн. тоннасы (1,1млрд. баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Эмбамұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

2014 жылдың алғашқы тоғыз айындағы операциялық нәтижелер (131 Кб) Көшіріп алу
Наверх