Баспасөз хабарламалары

14 сәуір, 2015

2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ қорларын бағалау

Астана, 14 сәуір 2015 жыл. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Miller and Lents, Ltd.» («MLL») тәуелсіз компаниясы 2014 жылдың 31-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ («ӨМГ»), «Ембімұнайгаз» АҚ («ЕМГ»), «ҚазГӨЗ» ЖШС («ҚазГӨЗ») және «Урал Ойл энд Газ» («УОГ», ҚМГ БӨ үлесі - 50%) кен орындарының сұйық көмірсутек қорларын бағалағанын, және оның нәтижелерін хабарлайды.

MLL есебіне сәйкес, 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда, 2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сұйық көмірсутектердің қоры біршама өзгеріске ұшырады.

  • «дәлелденген» (1Р) санатындағы қорлар 16% немесе 19 млн. тоннаға кеміді, және 103 млн. тоннаны ( 763 млн. баррель) құрады;
  • «дәлелденген және ықтимал» санатындағы (2Р) қорлар 11% немесе 16 млн. тоннаға кеміп, 132 млн. тоннаны (981 млн. баррель) құрады.
  • «дәлелденген және ықтимал және мүмкін»  (3Р) санатындағы қорлар 10% немесе 18 млн. тоннаға кеміді, және 164 млн. тоннаны (1215 млн.баррель) құрады.

Аталған санаттар бойынша сұйық көмірсутек қорларының кемуі экономикалық себептерге, нақтылап айтқанда, мұнай мен өңделген газ өнімдерінің арзандауына байланысты. Теңгенің девальвациясы қорлардың азаюын жартылай теңгерді. Мұнай бағасының арзандауы негізінен ӨМГ кен орындарына қатты  ықпал етті (2Р санатындағы сұйық көмірсутектер қоры 19,6% немесе 19,5 млн. тоннаға азайды). ЕМГ кен орындары бойынша сұйық көмірсутектер қорларының сәл өсуі (2Р санатындағы сұйық көмірсутектер 4,5% немесе 1,8 млн. тоннаға артты), өткен жылғы өндіріс көрсеткіштерінің МЛЛ жобалағаннан жақсырақ болып шығуына байланысты, яғни, былтырғы нәтижелерге қарап МЛЛ болашаққа болжамын жақсартты.  УОГ бойынша ( Рожковское кен орны) 2Р санатындағы сұйық көмірсутектер қоры ұлғайды (16,4%-ға немесе 1,3 млн. тоннаға), бұл башқұрт горизонтында  жаңа шөгіндінің ашылуына байланысты.

2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша сұйық көмірсутектерді бағалау нәтижелері

 

млн. тонна

млн. баррель

 

1P

2P

3P

1P

2P

3P

31/12/2013 қорлар

122

149

183

902

1 101

1 349

Өндіру

8,2

8,2

8,2

61

61

61

Орнын толтыру

-10,9

-8,2

-10,1

-78

-59

-73

31/12/2014 қорлар

103

132 

164

763

981

1 215


Бірлескен кәсіпорындардың сұйық көмірсутектер қорын тәуелсіз аудиторлар бөлек бағалайды
[1]. 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС (50%), CCEL (CCEL) (50%) және Петроказақстан Инк. (ПҚИ) (33%) компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 45 млн. тоннаны (322 млн. баррель) құрайды, бұл 2013 жылғымен салыстырғанда 12% немесе 6 млн. тоннаға кем. Осылайша, ҚГМ, CCEL, ПҚИ компанияларындағы үлесін қоса есептегенде, 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ компаниясының 2Р санатындағы топтастырылған қорлары 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, бұл 2013 жылғымен салыстырғанда 11% немесе 23 млн. тоннаға кем.

Топтастырылған қорлар

 

млн. тонна

млн. баррель

 

2P 

2P 

ҚМГ БӨ

132

981

ҚГМ 50%, CCEL 50%, ПҚИ 33%

45

322

Топтастырылған қорлар

177

1 303


Анықтама

ҚМГ БӨ мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2014 жылы 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Andrew Mitchell
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] Оценка запасов КГМ и CCEL производилась компанией «Miller and Lents, Ltd.» по состоянию на 31 декабря 2014 г. и 31 октября 2014 г. соответственно. Оценка запасов ПКИ – компанией «Ryder Scott Company L.P.» по состоянию на 31 декабря 2014 г.

2014 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ қорларын бағалау (275 Кб) Көшіріп алу
Наверх