Баспасөз хабарламалары

18 қаңтар, 2016

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 2015 жылға арналған ПҚӨС жеңілдетілген ставкасы жөніндегі өтініші қанағаттандырылмады

Астана, 18 қаңтар 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның Өзен және Қарамандыбас (Маңғыстау облысы) кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) бойынша 2015 жылы уақытша жеңілдетілген ставкасын алу жөніндегі өтініші бойынша оң шешім алмағанын хабарлайды. Жеңілдетілген ставка Қазақстан Республикасы Үкіметімен рентебелдьділігі төмен немесе қолайсыз баға конъюнктурасы жағдайында рентабельді емес кен орындарына қарастырылған. Жеңілдік алған жағдайда, ставка 0,65 пайызды (қолданыстағы 13 пайызбен салыстырғанда) құрап, 2015 жылдың ішінде қолданылуы керек.

Компания тиісті мемлекеттік органдарға макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруін ескеретін 2015 жылдың 11 айының деректерін қоса алғанда, жеңілдік алуға қажетті барлық құжаттар мен есептерді ұсынды. Мұнай бағасының төмен болуына байланысты, ҚМГ БӨ 2015 жылдың 9 айында операциялық қызметтен[1] 49,4 млрд. теңге (252 млн. АҚШ доллары) көлемінде шығын алды. Осы кезеңдегі 138 млрд. теңге (703 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі топтастырылған табыс негізінен бағамдық айырмашылық есебінен алынды. Компанияның бағалауы бойынша, 2015 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша мұнай бағасы барреліне шамамен 65 АҚШ доллары болғанда ӨМГ шығынсыз болады. Бұл ретте Брент сұрыпты мұнайдың баррелі орташа алғанда 55,3 АҚШ долларын құрады. Макроэкономикалық жағдайдың құбылмалылығына байланысты жағдай бұдан әрі өзгеруі мүмкін.

- Компания Өзен және Қарамандыбас кен орындары үшін ПҚӨС бағамын төмендету туралы оң шешімге қол жеткізе алмағанын өкінішпен айтуға мәжбүр болып отыр,- деп атап өтті ҚМГ БӨ бас директоры Құрманғазы Есқазиев. – Қазіргі жағдайда «Өзенмұнайгаз» қала қалыптастырушы кәсіпорын ретінде мұнайсервистік кәсіпорын жұмыскерлерін 14 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, ауыр әлеуметтік жүк арқалап отырғанда, ПҚӨС жеңілдігі осындай қиын кезеңде кәсіпорынның рентабельдігін қолдауға мүмкіндік берер еді.

Мұнай бағасының конъюнктурасы қолайсыз болып отырғандығына байланысты, ҚМГ БӨ 2016 жылға ӨМГ кенорындары және «Ембімұнайгаз» АҚ үшін ПҚӨС жеңілдетілген ставкасын алуға өтініш беруді жоспарлап отыр.

Атап өту керек, ҚМГ БӨ өз қызметінің барлық кезеңінде Қазақстан Республикасының ең ірі салық төлеушілерінің бірі болып келеді. 2015 жылдың 9 айында Компанияның ел бюджетіне салық және басқа да салымдар түрінде төлеген қаражаты 226 млрд. теңге (1,2 млрд. АҚШ доллары) құрайды.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ 2014 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2014 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,3 млн. тоннаны (тәулігіне 250 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


[1] Операциялық табыс/шығын кәсіпорынның үлестік әдіспен алатын кірісін, табыс салығының шығынын, қаржылық кіріс пен шығынды, құнсыздану шығынын және басқа да операциялық емес шығындарды қамтымайды

 

«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 2015 жылға арналған ПҚӨС жеңілдетілген ставкасы жөніндегі өтініші қанағаттандырылмады (308 Кб) Көшіріп алу
Наверх