Баспасөз хабарламалары

27 қаңтар, 2016

ҚМГ БӨ-нің 2015 жылдағы операциялық нәтижелері 

Астана, 27 қаңтар 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2015 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды.

ҚМГ БӨ 2015 жылы «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, іс жүзінде 2014 жылдағы деңгейдегідей 12 531 мың тонна (тәулігіне 251 мың баррель) мұнай өндірді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 510 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 182 мың тоннаға (тәулігіне 4 мың баррель) немесе 3 пайызға артық. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 823 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2014 жылдағы деңгеймен бірдей. Нәтижесінде, ӨМГ бен ЕМГ жалпы өндіру көлемі 8 333 мың тонна (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 2 пайызға артық.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ и ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2015 жылы 4 018 мың тонна (тәулігіне 83 мың баррель) құрап, 2014 жылдағыдан 4 пайызға кем болды, бұл негізінен ПҚИ мұнай өндіру көлемінің жоспарлы түрде азаюымен байланысты.

Мұнай және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ 2015 жылы 8 305 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) мұнай және мұнай өнімдерін сатты, оның ішінде 4 647 мың тонна (тәулігіне 92 мың баррель) мұнай  экспортқа шығарылды, 2 742 мың тонна (тәулігіне 54 мың баррель) мұнай және мұнай өнімдері ішкі нарыққа және 916 мың тонна (тәулігіне 18 мың баррель) мұнай Ресейге[1] жөнелтілді.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жөнілтілген 2 742 мың тонна (тәулігіне 54 мың баррель) мұнайдың 2 420 мың тоннасы (тәулігіне 48 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), 260 мың тоннасы (5,2 мың баррель) Павлодар мұнай химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді. Сондай-ақ, алдын-ала мәліммер бойынша 62 мың тонна (тәулігіне 1,2 мың баррель) мұнай өнімдері ішкі нарықта сатылды.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ  үлесі 3 943 мың тонна мұнайды (тәулігіне 80 мың баррель) құрады, оның 1 707 мың тоннасы   (тәулігіне 34 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл – компаниялардың жалпы сату көлемінің  43%-ын құрайды. Ішкі нарыққа жеткізілімдер 2 167 мың тоннаны (тәулігіне 45 мың баррель) құрады, оның 1 471 мың тоннасы (тәулігіне 31 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына, 506 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель) Шымкент мұнай өңдеу зауытына, 53 мың тоннасы (тәулігіне 1,0 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына және 138 мың тоннасы (тәулігіне 2,5 мың баррель) Ақтау битум зауытына жөнелтілді. Ресейге өзара жеткізілім шарттары бойынша 70 мың тонна (тәулігіне 1,3 мың баррель) жөнелтілді.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2014 жылдың соңындағы жағдай бойынша 177 млн. тоннаны (1 303 млн. баррель) құрады, оның 132 млн. тоннасы (981 млн баррель) «Өзенмұнайгаз» АҚ , «Ембімұнайгаз» АҚ және «Урал Ойл энд Газ» (Рожковское кеніші, Федоровский блогы) еншісінде. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Әсел Қалиева
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.



[1] Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметаралық келісіміне сәйкес, өзара мұнай жеткізу шарттары бойынша Ресейге мұнай жөнелтіледі.  Ресей Федерациясына жіберілетін мұнай көлемін ҚР Энергетика министрлігі белгілейді

 

ҚМГ БӨ-нің 2015 жылдағы операциялық нәтижелері (302 Кб) Көшіріп алу
Наверх