Баспасөз хабарламалары

31 наурыз, 2016

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетті түзетті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивидендті ұсынды

Астана, 31 наурыз 2016 ж. «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру»АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетке түзетуді бекітті, 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшерін ұсынды және 2016 жылдың 24 мамырына белгіленген акционерлердің жылдық жалпы жиналысының («АЖЖЖ») күн тәртібін бекітті.

2016 жылдың бюджетін түзету

Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетке түзетуді мұнайға орташа жылдық баға болжамымен  Брент сұрыбына баррелі үшін 30 АҚШ доллары мөлшерінде және бір АҚШ доллары үшін 360 теңге орташа жылдық бағамымен бекітті. 2016 жылға арналған бюджет сондай-ақ 2016 жылдың 1-наурызынан бастап мұнайдың Брент сұрыбына баға мұнайға экспорттық кеден салығы ставкасын таңуын қарастырады.

ҚМГ ҰК және Директорлар кеңесімен бірнеше келіссөздер және кеңесулерден соң ҚМГ БӨ басшылығы 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай өнімдерін сатумен байланысты мұнай процессингінің дербес схемасына өту туралы шешім қабылдады. ҚМГ БӨ директорлар кеңесі бұл шешімді қолдады. Процессинг схемасына өтуге байланысты өзгерістер де бекітілген 2016 жылдың бюджетінде көрсетілген. 

Қазіргі уақытта таза нетбэктер негізінде жаңа дербес процессинг схемасы бойынша 2016 жылдың алғашқы үш айы үшін жеткізілімдер туралы аралық баға жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Бекітілген бюджет және 2016-2020 жж. бизнес-жоспар Компанияның қызмет көрсеткішін жақсарту мақсатында қосымша пысықталатын болады.

ПҚӨС жеңілдікті ставкасы

ҚМГ БӨ 2016 жылы ПҚӨС жеңілдетілген ставкасын алу үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) Қазақстан Республикасы Экономика министрлігіне Өзен және Қарамандыбас кенорындарын игеру келісімшартын рентабелдігі төмен кенорындарының санатына жатқызу туралы өтініш бергенін хабарлайды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд мөлшері ұсынылды

Компания ІРО-ға шыққалы бері алғаш рет Директорлар кеңесі қарапайым акцияларға дивиденд төлемеу туралы ұсыныс берді. ҚМГ БӨ Жарғысына сәйкес, артықшылықты акциялар бойынша акциясына 25 теңгені құрайтын жылдық кепілдендірілген ең төменгі дивиденд мөлшері төленетін болады. Бұл шешім 2016 жылдың 24 мамырында акционерлердің жалпы жылдық жиналысында Компания акционерлерінің бекітуіне жатады.

Директорлар кеңесінің дивиденд төлемеу жөніндегі ұсынысы 2014 жылдың соңынан бері сатылатып жатқан мұнай бағасының күрт құлдырауының нәтижесінде Компанияның операциялық қызметінен түсетін қаржылық нәтижелері мен теріс ақша ағымына байланысты. ҚМГ БӨ негізгі активтерінің салықтық міндеттері мен мұнай өндірудің өзіндік құны жоғары болып қалып отыр.

Тәуелсіз атқарушы емес директорлар 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтің айтарлықтай көп мөлшерін және арнайы дивидендті төлеуді ұсынды. Директорлар кеңесі аталған ұсыныстарды қабылдамады.

АЖЖЖ күн тәртібі

Директорлар кеңесі АЖЖЖ өтетін датасын 2016 жылдың 24 мамырына белгіледі және күн тәртібін бекітті.

АЖЖЖ күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілді:

  1. 2015 жылға арналған жылдық қаржылық есепті бекіту;
  2. Өткен қаржылық жылдағы Компанияның таза пайдасын бөлу тәртібін және Компанияның бір акциясына есептелетін дивиденд мөлшерін анықтау;
  3. 2015 жылға арналған Компанияның жылдық есебін бекіту;
  4. 2015 жылы акционерлердің атынан Компания мен оның жауапты тұлғаларына түскен өтініштер және оларды қарастыру қорытындылары туралы ақпарат;
  5. 2015 жылдағы Компанияның директорлар кеңесі мен басқарма мүшелеріне сыйақы құрамы мен мөлшері туралы мәлімет;
  6. Компанияның директорлар кеңесі мен басқармасының 2015 жылдағы жұмысы туралы ақпарат;
  7.  Компания Жарғысына өзгеріс енгізу туралы – Компания Директорлар кеңесі мүшелеріне шығынның орнын  өтеу туралы ережелерді енгізу;  
  8. Компанияның  есеп комиссиясының құрамы туралы.

Инвесторлар мен сарапшыларға арналған конференц-қоңырау 2016 жылдың 4 сәуірі,  дүйсенбі күні өтеді деп жоспарлануда. Қоңыраудың деталі жақын арада хабарланады.

Анықтама
ҚМГ БӨ 2015  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 152 млн. тоннаны (1 115 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Ерлан Қалдыбаев
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 79 08)
Елена Пак
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған бюджетті түзетті және 2015 жылдың қорытындысы бойынша дивидендті ұсынды (264 Кб) Көшіріп алу
Наверх