Баспасөз хабарламалары

16 қыркүйек, 2016

«Өзенмұнайгаз» АҚ-қа ПҚӨС бойынша 2016 жылға төмендетілген ставка бекітілді

Астана, 16 қыркүйек, 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») ҚМГ БӨ еншілес компаниясы «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың («ӨМГ») Өзен және Қарамандыбас (Маңғыстау обл.) кен орындарына қатысты пайдалы қазбаларды өндіру салығы («ПҚӨС») ставкасын уақытша төмендету туралы өтінімі бойынша оң шешім қабылданғаны жайында хабарлайды. ПҚӨС ставкасы 9,0% деңгейінде белгіленді (салыстыра келсек, 2015 жылы бұл көрсеткіш 13,0% болды) және ол 2016 жылдың нәтижесіне сай салық есебі бойынша Өзен мен Қарамандыбас кен орындарының шығындылығы болған жағдайда 2016 жылға толығымен қарастырылған. Болжам сәйкес, ПҚӨС ставкасының төмендеуіне байланысты 2016 жылы туындайтын экономикалық әсер көлемі ең көп дегенде шамамен 17 млрд теңгені құрауы мүмкін және қолданыстағы заңнамаға сәйкес 2016 жыл нәтижесі бойынша кен орындарының салық салынатын пайда көлемі оңтайлы болған жағдайда кемітілуі ықтимал.

Үкіметтің тиісті Қаулысы 2016-шы жылдың 10-шы қыркүйегінде жария етіліп, оның ресми түрде алғаш жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты.

ӨМГ ҚМГ БӨ-нің Өзен және Қарамандыбас (Маңғыстау обл.) кен орындарында жұмыс жүргізетін негізгі өндірістік тармағы болып табылады. ӨМГ мұнай сервистік мекемелеріндегі жұмысшыларды қосқанда 14 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Байланыс үшін ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдаулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Гевин Дэйвис
e-mail: gdavis@bellpottinger.com 

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-қа ПҚӨС бойынша 2016 жылға төмендетілген ставка бекітілді (173 Кб) Көшіріп алу
Наверх