Баспасөз хабарламалары

21 қазан, 2016

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері 

Астана, 21 қазан 2016 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында Директорлар кеңесі 2016 жылға арналған күрделі салымдар жоспарына түзетулерді бекітті.

Осылайша, күрделі салымдар 2016 жылы 103 млрд. теңге мөлшерінде (286 млн. АҚШ доллары[1]) болады деп жоспарлануда, бұл бұдан бұрын жарияланған болжамнан 14,7 млрд. теңгеге немесе 17%-ға жоғары.  

Инвестицияның ұлғайтылуы 2017 жылы және одан кейінгі жылдарда Компанияның өндіруін ұлғайтуды қамтамасыз ететін, «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) 66 қосымша ұңғыманың бұрғылануы есебінен жоспарлануда. 

Бұрғылауға қосымша шығыстар олардың экономикалық мақсаттылығын бағалаудан соң мақұлданды. Сәйкесінше, 2016 жылы ӨМГ және «Ембімұнайгаз»АҚ-да бұрғылауға жоспарланған ұңғымалардың жалпы саны 249 ұңғыманы құрайды.

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 193 млн тоннаны (1 409 млн баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд  астам АҚШ долларын тартты. 

Байланыс үшін ақпарат:
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сакен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдаулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz 

Brunswick Group (+44 207 404 5959)
Кэрол Кэйбл
e-mail: KMGEP@brunswickgroup.com 

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Гевин Дэйвис
e-mail: gdavis@bellpottinger.com  

Генри Лервил
e-mail: hlerwill@bellpottinger.com   

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.


[1] Соммалар оқырмандарға қолайлы болуы үшін АҚШ долларына ауыстырылды, бюджеттік бағам бойынша 360 тенге/АҚШ доллары).

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі отырысының нәтижелері (276 Кб) Көшіріп алу
Наверх