Баспасөз хабарламалары

27 сәуір, 2017

ҚМГ БӨ АҚ 2017 жылдың алғашқы үш айындағы қаржылық нәтижелер

Астана, 27 сәуір 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылдың 31 наурызында аяқталған алғашқы үш айға арналған қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілігін жариялады.

  • 2017 жылдың алғашқы үш айында түсім 214 млрд. теңгені (663 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76%-ға жоғары. Табыстың өсуі негізінен Брент бағасының 58%-ға ұлғаюына және 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына ауысуына байланысты, бұл  теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 9%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.  
  • 2017 жылдың 1-тоқсанында операциялық қызметтен түскен пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 4,6 млрд теңге (13 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі шығынмен салыстырғанда 44 млрд теңгені (137 млн АҚШ доллары) құрады.
  • Компания 2017 жылғы 1-тоқсанда теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 6%-ға төмендеуі (2016 жылғы 31 желтоқсандағы бағаммен салыстырғанда 2017 жылғы 31 наурызда) есебінен 59 млрд теңге (182 млн АҚШ доллары) мөлшерінде бағамдық айырманың залалын көрсетті.
  • 2017 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 2,3 млрд теңгені (7 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағындары 55 млрд. теңгені (172 млн АҚШ доллары) құрады. 2016 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 0,9 млрд теңгені (3 млн АҚШ долларын), ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағындары 31 млрд теңгені (87 млн АҚШ доллары) құрады. 
  • 2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы[2] 2016 жылдың 30 желтоқсандағы 1 172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 1 143 млрд теңгені (3,6 млрд АҚШ доллары) құрады.  

 Өндіру
ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2017 жылдың 1-ші тоқсанында 2 904 мың тонна (тәулігіне 238 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға кем.  Мұнай өндіру деңгейінің төмендеуі негізінен ПҚИ-да өндіру деңгейінің табиғи жолмен сарқылуына және «Өзенмұнайгаз» АҚ-де (ӨМГ) пайдалануға берілген ұңғымалардың аз көлеміне байланысты, бұл Компанияның ағымдағы жоспарына сәйкес келеді. 2016 жылдың нақты өндіру деңгейінен сәл жоғары болып табылатын, 12,2 млн тонна мөлшеріндегі жоспарлы шоғырландырылған өндіру деңгейіне жету үшін 2017 жыл бойы ұңғымалардың ауыспалы қорларына қосымша геологиялық-техникалық іс-шараларды жүргізудің қажетті көлемі жоспарланды және бюджетке енгізілді.
2017 жылдың 1-ші тоқсанында ӨМГ 1 335 мың тонна (тәулігіне 109 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4%-ға кем, ең бастысы пайдалануға берілген ұңғымалардың және геология-техникалық іс-шаралардың аз көлеміне байланысты болды. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 691 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 2%-ға төмен, ӨМГ-де сияқты өндіру төмендеуінің ұқсас себептеріне байланысты. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі 2 026 мың тоннаны (тәулігіне 166 мың баррель) құрап, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға кем түсті.
CCEL, ҚГМ және ПҚИ-дағы ҚМГ БӨ үлесі 2017 жылдың 1-тоқсанында 878 мың тоннаны (тәулігіне 72 баррель) құрады, бұл 2016 жылдың 1-ші тоқсанындағыдан 8%-ға кем, негізінен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен сарқылуына байланысты орын алды.

 Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату
2017 жылдың бірінші тоқсанында ӨМГ және ЕМГ-нің мұнай сату көлемі 1 939 мың тоннаны (тәулігіне 156 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 5%-ға кемігенін білдіреді, соның ішінде 1 284 мың тонна (тәулігіне 103 мың баррель) шикі мұнай экспортқа, бұл жалпы сату көлемінің 66% құрайды; және 655 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнай ішкі нарыққа жөнелтілді. ӨМГ мен ЕМГ ресурстарынан ішкі нарыққа жеткізу көлемі 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы 40%-бен салыстырғанда, 2017 жылдың бірінші тоқсанында  34%-ды құрады.
ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жеткізген 655 мың тонна (тәулігіне 53 мың баррель) шикі мұнайдың 520 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 135 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель)  Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді. Компания 2016 жылдың бірінші тоқсанында 830 мың тонна мұнайды Компанияның мажоритарлық акционерінің еншілес кәсіпорны, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізді.
2017 жылдың бірінші тоқсанында мұнай өнімдерін сату мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 641 мың тонна мұнай өнімдерін құрады, соның ішінде 257 мың тонна мұнай өнімдері экспортқа  шығарылды. 2016 жылдың сәуір-желтоқсанда мұнай өнімдерінің жиынтықты сатылуы 2 324 мың тоннаны, соның ішінде экспорт 916 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.
ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлемінің үлесі 871 мың тонна мұнайды (тәулігіне 72 мың баррель) құрады, оның 375 мың тоннасы (тәулігіне 30 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 43%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 496 мың тонна (тәулігіне 42 мың баррель) өткізілді.

 Кезеңдегі таза пайда
2017 жылдың алғашқы үш айында таза пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 0,9 млрд. теңгемен (3 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 2,3 млрд теңгені (7 млн АҚШ доллары) құрады. Брент бағасының 58%-ға қымбаттауы, 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына ауысуы және бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компания пайдасындағы үлестің артуы есебінен түсімнің өсуі нәтижесіндегі таза пайданың ұлғаюы өндірістік шығындардың, табыс салығынан басқа салықтардың өсімімен және кері бағамдық айырманың залалымен ішінара өтелді.  
Компания 2017 жылғы 1-тоқсанда теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының 6%-ға төмендеуі (2016 жылғы 31 желтоқсандағы бағаммен салыстырғанда 2017 жылғы 31 наурызда) есебінен 59 млрд теңге (182 млн АҚШ доллары) мөлшерінде бағамдық айырманың залалын көрсетті.

Түсім
2017 жылдың алғашқы үш айында түсім 214 млрд. теңгені (663 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 76%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 58%-ға қымбаттауына, мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына орташа айырбастау бағамының 9%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.
2017 жылдың алғашқы үш айында мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен[3] байланысты барлық шығындарды шегергенде) АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 57 196 теңгені, ПМХЗ-ға мұнай тоннасы үшін 56 599 теңгені құрады, бұл АМӨЗ-ден экспортталатын мұнай өнімдеріне бағалардың өсуі және ҚМГ БӨ мен ҚМГ ӨМ арасындағы мұнай өнімдерін сату жөніндегі кепілдік шарты бойынша шығындардың жоқтығы нәтижесінде 2016 жылдың 4-ші тоқсанымен салыстырғанда сәйкесінше 18% және 4%-ға жоғары. Компания 2016 жылдың сәуір-желтоқсан айларында АМӨЗ бен ПМХЗ-ға сәйкесінше тоннасына 42 366 теңге және тоннасына 51 743 теңге мөлшерінде таза түсім алды.

 Өндірістік шығындар
Өндірістік шығындар 2017 жылдың алғашқы үш айында 70 млрд теңгені (217 млн. АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға жоғары болды. Бұл ең алдымен 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысуы есебінен 13 млрд теңге (40 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі мұнай өңдеу шығыстарының өсуіне, сондай-ақ қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 11%-ға ұлғаюына байланысты.   
Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 11%-ға ұлғаюы негізінен 2017 жылдың қаңтар айынан бастап өндірістік персоналдың жалақысын  7%-ға индексациялау, сондай-ақ 2016 жылдың 1-ші тоқсанында жылдық сыйақы бойынша пайдаланылмаған резервке түзету жасау нәтижесінде орын алды.

 Сату шығындары және әкімшілік шығындар
Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2017 жылдың бірінші үш айында 25 млрд теңгені (79 млн АҚШ доллары) құрады, бұл негізінен органдарда талаптардың қалған сомасына табысты аппеляциядан кейін салықтық талаптар бойынша айыппұл мен өсімпұлдардың есептеулерін қайта қарау нәтижесінде 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 16%-ға төмен болды.
Бұрын хабарланғандай, Компания 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің сату агенті ретіндегі ҚМГ ӨМ қызметтерін пайдалануды тоқтатып, мұнай өнімдерін өздігінен сата бастады[4].

 Табыс салығынан басқа салықтар
Табыс салығынан басқа салықтар 2017 жылдың алғашқы үш айында 66 млрд. теңгені  (203 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл  ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) шығындарының артуы және экспорттық кеден бажы (ЭКБ) шығындарының өсуі нәтижесінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 92%-ға жоғары.
Ренталық салық шығындарының өсуі негізінен 2017 жылдың бірінші тоқсанында Бренттің орташа бағасының баррельге 50 АҚШ долларынан асып түсуіне байланысты, соның нәтижесінде ренталық салықтың мөлшерлемесі Бренттің орташа бағасы 40 АҚШ долларынан аз болған 2016 жылдың 1-тоқсанындағы нөлдік мөлшерлемен салыстырғанда 11%-ды құрады.
ПҚӨС бойынша шығындардың өсуі Бренттің орташа бағасының ұлғаюына негізделген, бұл теңгенің АҚШ долларына орташа айырбастау бағамының төмендеуімен ішінара жабылды.  Компания ПҚӨС мөлшерлемесін ӨМГ кен орындары үшін 2017 жылы 13% көлемінде қолданады, алайда 2016 жылдың қыркүйек айында ПҚӨС-тің төмендетілген мөлшерлемесі барлық 2016 жылға 9% көлемінде белгіленген болатын, өйткені 2016 жылы ӨМГ салықтық есеп бойынша залалды танып, қолданыстағы салықтық заңнаманың негізінде тиісті органдардан төмендету алды.
ЭКБ өсімі негізінен Компанияның 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнайдың дербес процессингі схемасына ауысуы нәтижесінде шикі мұнай экспорты мен мұнай өнімдерінің экспорты көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының төмендеуімен ішінара өтелді. 2016 жылдың бірінші тоқсанында ЭКБ орташа мөлшерлемесі 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы шикі мұнай тоннасына 49 АҚШ долларымен салыстырғанда шикі мұнай тоннасына 40 АҚШ долларын құрады.

 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі
Компанияның 2009-2012 жылдар бойынша салық тексерісіне қатысты өтінішін қарау нәтижесінде Астана қаласының соты 2017 жылдың наурыз айында салықтық талаптардың сомасын қосымша 3,7 млрд теңгеге азайтуға қаулы етті. Осы азайту Компанияның 2017 жылдың 1-тоқсанына арналған қаржылық есептілігінде корпоративтік табыс салығын және үстеме пайда салығын азайту ретінде ескерілді. Бұдан басқа, Компания осы шешімнің нәтижесінде айыппұл мен өсімпұлдарды есептеу де тиісті инстанциялармен 3,7 млрд теңгеге азаятынын болжамдайды, бұл да  2017 жылдың 1-тоқсанына арналған қаржылық есептілігінде көрсетілді. Осылайша, басшылықтың пікірі бойынша, осы азайтулар есепке алынып, 2009-2012 жылдар бойынша салық тексерісіне қатысты талаптардың соңғы сомасы 38,5 млрд теңге мөлшеріндегі бастапқы сомадан және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 13,5 млрд теңгеге дейін алдыңғы төмендетуден 6,1 млрд теңгеге дейін азаяды, бұл сома есептелген резервте толық қарастырылды.
Бұрын хабарланғандай, 2017 жылдың ақпан айында салықтық талаптардың бастапқы сомасы 25,0 млрд теңгеге 13,5 млрд теңгеге дейін төмендетілді.

 Күрделі салымдар
Күрделі салымдар[5] 2017 жылдың алғашқы үш айында 18 млрд теңгені (55 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегіден 37%-ға кем. Күрделі салымдардың азаюы негізінен ӨМГ мен ЕМГ-де эксплуатациялық бұрғылаудың аз көлеміне және ЕМГ-де өндірістік нысандарды салу мен жаңғыртуға күрделі салымдардың азаюына байланысты.
Бұрын хабарланғандай, Компания 2017 жылы күрделі салымдарды 2016 жылдағы 115 млрд теңгемен (337 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 133 млрд теңге (369 млн АҚШ доллары[6]) мөлшерінде жоспарлап отыр.

 Операциялық қызметтен түсетін ақша ағымдары
Операциялық қызметтен түсетін таза ақша ағымдары 2017 жылдың алғашқы үш айында 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 31 млрд теңге (87 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі таза ақша ағымдарымен салыстырғанда 55 млрд теңгені (172 млн АҚШ доллары) құрады.

 Таза ақша қаражаттары
Таза ақша қаражатының сомасы 2016 жылдың 31 желтоқсандағы 1 172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда, 2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 1 143 млрд теңгені (3,6 млрд АҚШ доллары) құрады. Ақша қаражаты мен қаржылық активтердің 98%-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ долларында), 2% - теңгеде деноминацияланды.
Ақша қаражаты, қаржылық және өзге де активтер бойынша есептелген қаржылық кіріс 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы 8 млрд теңгемен (23 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 2017 жылдың бірінші тоқсанында 7 млрд теңгені (23 млн АҚШ доллары) құрады.

 Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес
2017 жылдың алғашқы тоқсанында қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2016 жылғы 1-ші тоқсандағы 3,7 млрд теңге (10 млн АҚШ доллары) көлеміндегі шығынмен салыстырғанда 8,4 млрд. теңге (26 млн. АҚШ доллары) құрады.

 Қазгермұнай
2017 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ өз есептілігінде ҚГМ-ға қатысудың үлесінен 7,3 млрд. теңге (23 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті көрсетті. Осы сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50% үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына амортизация ықпалын және 0,7 млрд. теңге (2 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге қалдырылған тиісті салықты шегергенде, 8,0 млрд теңгені (25 млн АҚШ доллары) құрайды.
2017 жылдың алғашқы үш айында АҚШ долларындағы ҚГМ пайдасы 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55%-ға артты, бұл негізінен Брент маркалы мұнайдың орташа бағасының 58%-ға және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде болды.  

 ПетроҚазақстан Инк.
2017 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ өз есептілігінде ПҚИ компаниясындағы өзінің үлесінен 1,5 млрд. теңге (5 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайданы көрсетті. Осы сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның 3,1 млрд теңгесін (10 млн АҚШ доллары) құрайтын 33%-дық үлесін көрсетеді, бұл сомаға 1,6 млрд теңге (5 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі лицензиялардың әділ құнына амортизация ықпалы қосылмайды.
АҚШ долларымен ПҚИ-дің таза пайдасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 9 млн АҚШ доллары деңгейіндегі таза шығынымен салыстырғанда, 2017 жылдың бірінші тоқсанында 29 млн АҚШ долларын құрады. Бұл негізінен Бренттің орташа бағасының 58%-ға қымбаттауы есебінен түсімнің ұлғаюына, амортизация, көлік және ЭКБ шығындарының төмендеуіне байланысты, бұл өндірудің азаюы нәтижесіндегі сату көлемінің азаюын ішінара жапты.  

 CCEL
Компания 2017 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша өзінің балансында 33,4 млрд теңгені (106 млн. АҚШ долларын) CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті.  2017 жылдың алғашқы үш айында ҚМГ БӨ 1,2 млрд теңге (3,7 млн. АҚШ доллары)  мөлшерінде пайыздық кірісті есептеді, бұл 26,87 млн АҚШ доллары мөлшерінде ССЕL-ден алынатын жылдық басым төлемнің бір бөлігін білдіреді.

***

2017 жылдың 31 наурызында аяқталған алғашқы үш айға арналған қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілік, сондай-ақ қаржылық жағдайды талдау мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.



[1] Сомалар тек оқырмандарға ыңғайлы болуы ескеріліп, жиынтық кіріс туралы топтастырылған есеп пен ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша және қаржылық жағдай туралы топтастырылған есеп үшін кезең соңындағы бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырылды (тиісінше, 3А2017 және 3А2017 үшін орташа бағамдар 322,52 және 355,11 теңге/АҚШ долларын құрады; тиісінше 2017 жылғы 30 наурыздағы және 2016 жылғы 31 желтоқсандағы кезең соңындағы бағам 313,73 және 333,29 теңге/АҚШ долларын құрады).

[2] Есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары және өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[3] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнай тасымалдау бойынша шығындар есепке алынбады.

[4] 2016 жылдың сәуір айына дейін Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін өндірілген мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайгаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізіп тұрды. 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, мұнай өнімдерін сату агенті ретінде жұмыс істейтін ҚМГ ӨМ арқылы өздігінен сата бастады.  

[5] 2013 жылдың 4 тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдар мен материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[6] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін 360 теңге/АҚШ доллары бюджет бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстырылған.

 Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com

АНЫҚТАМА
ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты.

 Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2017 жылдың алғашқы үш айындағы қаржылық нәтижелер .pdf (462 Кб) Көшіріп алу
Наверх