Біздің қызметіміз

  • ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ – акцияларының жалпы санынан 58 %-ы тиесілі «КазМунайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның еншілес компаниясы.
  • ҚМГ БӨ 2004 жылдың наурызында «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ны біріктіру жолымен құрылды.
  • ҚМГ БӨ-нің өз жеке активінде 2007-2011 жылдары іске асырылған сатып алуларды санамағанда 41 кен орны бар. Олардың ішіндегі ең ірісі Өзен кен орны болып табылады, ондағы өндіру 1965 жылдан бастап жалғасуда.
  • 2011 жылдың аяқ жағындағы жағдай бойынша ҚМГ БӨ-нің (ӨМГ мен ЕМГ) негізгі активтеріндегі мұнайдың дәлелденген және мүмкін қоры 225 816 мың тоннаны (1 661 миллион баррель) құрады. 2011 жылдың аяқ жағындағы жағдай бойынша 2P санатындағы қорлардың еселігі 29 жылды құрады.
  • ҚМГ БӨ-нің Компания экспортының ең ауқымды бөлігін қамтамасыз ететін Өзен-Атырау-Самара құбыр желісіне және ҚМГ БӨ үшін мұнай жеткізудің неғұрлым кірісті бағыты болып табылатын Каспий Құбыр желісі Консорциумының құбыр желісіне кепілді кіру құқы бар. 2011 жылы мұнайдың экспорты 2011 жылғы берудің жалпы көлемінің 76%-ын құрады.
  • Ішкі нарыққа мұнай өнімдері ретінде жеткізілетін мұнай сату «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ арқылы жүзеге асырылады.
Өндіруші активтерБірлескен кәсіпорындар Барлау активтері

«Өзенмұнайгаз» АҚ

100%

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 100% еншілес компаниясы болып табылады. Компания «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалын акционерлік қоғам етіп қайта құру жолымен құрылды.

Өзен және Қарамандыбас кен орындарының «дәлелденген және мүмкін болатын» санат бойынша (2Р) мұнай қоры 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 94 млн. тоннаны құрайды.

2016 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 2015 жылға қарағанда 1%-ға артық 5 555 мың тонна (тәулігіне 112 мың барр.) мұнай өндірді.

«Ембімұнайгаз» АҚ

100%

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 100% еншілес компаниясы болып табылады. Компания «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалын акционерлік қоғам етіп қайта құру жолымен құрылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ өз қызметін Балғымбаев (Жайықмұнайгаз басқармасы); Батыс Прорва (Жылыоймұнайгаз); Жоламанов және Қондыбай (Қайнармұнайгаз); Байшонас және Доссор (Доссормұнайгаз) сияқты ірі кен орындарында жүзеге асырады.

2016 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2015 жылға қарағанда 0.3%-ға артық 2 832 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) мұнай өндірді.



«Ural Group Limited» АҚ

50% (2011)

Ural Group Limited (UGL) компаниясы жұмыс істеп тұрған бірқатар ірі кен орындарына жақын жерде Орал қаласынан онша қашық емес жерде Батыс Қазақстан облысында орналасқан Федоров блогында көмірсутектерін барлауды жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығына ие «Урал Ойл энд Газ» (УОГ) ЖШС-дағы 100% қатысу үлесінің меншік иесі болып табылады.

2011 жылы ҚМГ БӨ Exploration Venture Limited-мен (EVL) UGL-дағы 50% акцияны сатып алу туралы келісім жасасты. UGL-дағы 50% акцияларды сатып алу бағасы өзіне акциялар үшін 61,3 миллион АҚШ долларын және акционерлік займдар бойынша талап ету құқығы үшін 87,8 миллион долларды (2010 жылдың басындағы жағдай бойынша) қамтитын 149,1 миллион АҚШ долларын құрайды.

«Карповский Северный» ЖШС

100% (2011)

Компания Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысындағы «Карповский Северный» учаскесінде мұнай, газ және конденсат барлауға арналған келісімшарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие.

«Карповский Северный» блогы Карпов шоқысы мен Погодаев-Остафьев иініндегі тектондық элементтер шегінде Каспий жағалауы ойпатының сыртқы қапталына орналасқан. Геологиялық телімнің жалпы алаңы 1669.2 км2 құрайды.

2011 желтоқсанында ҚМГ БӨ «ГазМұнайӨнім» ЖШС-дан «Карповский Северный» АҚ-ның(2012 ж. 31 шілдесінде ЖШС болып қайта құрылған) 100% акциясын сатып алды. Мәміленің сомасы – 59 млн. АҚШ доллары.

2012 жылдың шілде айында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Карповский Северный» АҚ акциялар пакетінің 49% венгриялық MOL Hungarian Oil and Gas Plc. компаниясына сатты.

2017 жылдың маусым айында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» MOL компаниясынан Карповский Северный ЖШС-нің («КС») 49% үлесін сатып алды.

«ПетроҚазақстан»

33% (2009)

«ПетроҚазақстан» – тігінен интеграцияланған мұнай-газ тобы, Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші бес компанияның қатарына кіреді. «ПетроҚазақстан» компаниясының қызмет аясына кен орындарын геологиялық барлау, игеру, мұнай мен газ өндіру, сондай-ақ кен орындарын сатып алу, мұнайды және мұнай өнімдерін қайта өңдеу және сату кіреді. 2009 жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «ПетроҚазақстан» компаниясындағы 33% үлесті сатып алды.

2016 жылы «ПетроҚазақстанның» мұнай өндіру көлемі 3,7 млн. тоннаны (тәулігіне 70 мың барр.) құрады.

«Қаражанбасмұнай» АҚ

50% (2007)

2007 жылдың желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Қаражанбасмұнай» CCEL компаниясындағы 50% үлесті сатып алды.

”Қаражанбасмұнай” АҚ Ақтау қаласынан 230 шақырым жердегі Бозашы түбегінде орналасқан Қаражанбас кен орнында ауыр мұнайды өндіруді жүзеге асырады. Кен орны 1974 жылы ашылды және ТМД аумағындағы ең ірі беткейге жақын шоғырланған, игеру термикалық әдістер қолданылу арқылы жүзеге асырылатын жоғары тұтқыр мұнай кен орны болып табылады.

2016 жылы ”Қаражанбасмұнай” АҚ 2,1 млн. тоннаға (тәулігіне 39 мың барр.) жуық мұнай өндірді.

«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС

50% (2007)

«ҚазГерМұнай» БК» ЖШС Қазақстанның мұнай өндіру секторындағы ең ірі компаниялардың бірі. Компания Қызылорда облысының Оңтүстік-Торғай ойпатындағы Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындарында көмірсутегі шикізаттарын барлау, игеру, өндіру және сату жөніндегі қызметін іске асырады. 2007 жылдың сәуірінде «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-дағы 50% үлесті сатып алды.

2016 жылы «Қазгермұнайдың» өндіру көлемі 2,9 млн. тонна (тәулігіне 62 мың барр.) шикі мұнайды құрады.

Наверх