Директорлар кеңесі
Директорлар Кеңесі мен Басқарма (атқарушы орган) Компанияның Екі жоғарғы органы болып табылады. Басқарманы басқаратын Бас директор сондай-ақ Компанияның Директорлар Кеңесінің мүшесі де болып табылады, оның үстіне ол – Компания атқарушы органының Директорлар Кеңесіндегі жалғыз өкілі. Акцияларды бастапқы орналастыруға байланысты ҚМГ БӨ-нің Директорлар Кеңесіне үш Тәуелсіз Директор - Пол Мандука, Эдвард Уолш және Филип Дэйер сайланды. Оның Төрағасы қоса алғанда Директорлар Кеңесінің қалған төрт мүшесі ҚМГ ҰК-нің өкілдері болып табылады.
Бас директор, Басқарма төрағасы
Алик Айдарбаев 2011 жылдың желтоқсанында ҚМГ БӨ бас директоры болып сайланды. Айдарбаев мырза В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, 1985 жылдан бері мұнайгаз саласында жұмыс істейді. Мұнайгаз өндірісінде кәсіби дамудың барлық сатыларынан өтті, аға геолог, кейіннен технолог, мұнай және газ өндіру шебері, «Маңғышлақмұнай» ӨБ «Жетібаймұнай» МГӨБ мұнай және газ өндіру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды. Әртүрлі жылдарда «Оңтүстікқазмұнайгаз» өндірістік бірлестігінде басшылық қызметтер атқарды. «Торғай Петролеум» және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдың сәуірінен бері – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ барлау және өндіру жөніндегі басқарушы директоры. 2011 жылдың мамырында Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысында Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Директорлар кеңесінің мүшесі
Асқар Балжанов 2011 жылдың сәуірі мен желтоқсан аралығындағ сондай-ақ 2006 жылдың маусымынан 2009 жылдың мамырына дейін ҚМГ БӨ бас директоры «басқарма төрағасы) қызметін атқарды. 2006 жылдың 12 маусымында Директорлар Кеңесіне, ал 2010 жылдың 30 сәуірінде оның Төрағасы болып сайланды. Бұдан бұрын ол «ҚМГ» ҰК»-ның теңіз мұнайгаз жобаларында мамандандырылған еншілес компаниясы «ҚазМұнайТеңіз» АҚ-ның Бас директоры болды. Мәскеудің Мұнайхимия және газ өнеркәсібі институтын бітіргеннен кейін мұнай өндіруші кәсіпорындарда, оның ішінде «Эмбанефть» ӨБ, «Қазақстаннефтегаз SE» МК, «Қазақстан МұнайГаз SE» МК, «ҚазРосГаз» ЖАҚ және ҚМГ ҰК сияқты кәсіпорындарда түрлі лауазымды қызметтер атқара жүріп мұнайгаз саласында мол жұмыс тәжірибесін жинады.
ҚМГ ҰК өндіру жобалары жөніндегі бас менеджері
Сисенғали Өтеғалиев – Түмен индустриалды институтының геологиялық барлау факультетін бітірген. 2009 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндіру жобалары жөніндегі бас менеджері қызметін атқарады. 2007 жылдың желтоқсанынан 2009 жылдың маусымына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры болып жұмыс істеді. «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бақылаушы кеңесінің төрағасы, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС жалпы жиналысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілетті өкілі, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілетті өкілі қызметтерін атқарған.
Директор
Ержан Жанғауылов 2006 жылғы 6 маусымында «ҚМГ» ҰК-ның Басқарушы директоры болып тағайындалды және 2006 жылдың 12 маусымында ҚМГ ҰК-нің Директорлар Кеңесіне сайланды. Бұл тағайындауға дейін «ҚМГ» ҰҚ-ның құқықтық мәселелер жөніндегі атқарушы директоры болды. Одан бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде заң қызметі мен кадрлар бөлімін басқарды, «ҚМГ» ҰК» вице-президентінің кеңесшісі болды. Білімі бойынша – заңгер, 1992 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін бітірген.
«ҚМГ» ҰК-ның Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры
Әсия Сырғабекова 2006 жылдың шілдесінде «ҚМГ» ҰК-ның Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, 2010 жылдың 26 науырызда ҚМГ БӨ Директор Кеңесіне сайланды. Осы тағайындалуға дейін 2003 жылдан бастап Қр Ұлттық Банкі төрағасының бірінші орынбасары, сондай-ақ 2004 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғанда Қазақстан республикасының Халық Банкінің Басқармасы төрайымы болды. 1998 жылдан бастап 2003 жылды қоса алғанда «ҚазақОйл»- да «ҚазтрансГаз»-да түрлі жоғары басшы қызметтерді атқара жүріп Ұлттық мұнайгаз компанияларда жұмыс істеді. 1982 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.
Тәуелсіз Директор
Пол Мандука активтерді басқару саласында мол тәжірибесі бар. 1973 жылдан, өзінің қызмет жолының басынан бастап Мандука мырза Ұлыбритания мен Еуропадағы Threadneedle Asset Management, Rothschild Asset Management, Deutsche Asset Management сияқты компаниялардың Бас Директоры болып қызмет істеді. Соңғы 10 жылда Мандука мырза Тәуелсіз Директор ретінде бірқатар директорлар кеңесінде жұмыс істеді және аудит, сыйақылар және тағайындаулар жөніндегі комитеттерді басқарды. Пол Мандуканың Оксфорд университетінің магистрі (қазіргі заманғы тілдер) дәрежесі бар. 2006 жылдың 28 тамызында Компанияның Директорлар Кеңесіне сайланды. Аудит жөніндегі комитеттің төрағасы. Сыйақылар жөніндегі комитеттің мүшесі.
Тәуелсіз Директор
Эдвард Уолш мұнайгаз саласында 35 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Уолш мырза British Petroleum мен British Gas-да түрлі лауазымдарда қызмет істеді және бұл компаниялардың Нигерияда, Абу-Дабида, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда барлау және өндіру жөніндегі қызметтері үшін жауап берді. Уолш мырза Дублин университетінің қатты заттардың химиясы жөніндегі ғылым докторы болып табылады. 2006 жылдың 28 тамызында Компанияның Директорлар Кеңесіне сайланды. Аудит, сыйақылар және тағайындау жөніндегі комитеттердің мүшесі.
Тәуелсіз Директор
Филип Дэер, құқық бакалавры, Машықтанған бухгалтерлер институтының мүшесі, «KPMG»-де машықтанған бухгалтер ретіндегі мамандыққа ие болды, Лондонның Қор Биржасында тіркелген компаниялар үшін консультациялар беруге маманданумен 25 жыл бойы инвестициялық-банктік қызметпен айналысқан. «Barclays De Zoete Wedd» және «Citicorp» сияқты компанияларда жұмыс істеп бай тәжірибе алды. 2005 жылы «ABN AMRO Hoare Govett»-тен кетіп, соның ізінше 2006 жылы «Роснефть»-ке бағалы қағаздарды оңтайлы орналастыру жөнінде консультациялар берді. Қазіргі кезде, бірқатар компаниялардың Директорлар кеңесінің тәуелсіз директор ретіндегі мүшесі болып табылады, оның ішінде «Dana Petroleum» және «AVEVA Group» те бар. 2010 жылдың мамыр айынан бастап Дэер мырза ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.



